Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #85 Translated in Kazakh

بَلَىٰ مَنْ كَسَبَ سَيِّئَةً وَأَحَاطَتْ بِهِ خَطِيئَتُهُ فَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Жоқ, олай емес! Кім жамандық істесе және күнәсі оны орап алса, міне, солар Отта тозақта болатындар. Олар онда мәңгі қалады
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандар, бұлар Жәннатқа кіретіндер.Олар онда мәңгі қалады
وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَاقَ بَنِي إِسْرَائِيلَ لَا تَعْبُدُونَ إِلَّا اللَّهَ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَذِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَقُولُوا لِلنَّاسِ حُسْنًا وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ ثُمَّ تَوَلَّيْتُمْ إِلَّا قَلِيلًا مِنْكُمْ وَأَنْتُمْ مُعْرِضُونَ
Кезінде Исраил ұрпақтарынан: «Аллаһтан басқаға құлшылықжасамайсыңдар, ата-анаға, туысқандарға, жетімдерге және кедейлерге жақсылық істейсіңдер, адамдарға жақсы сөз айтасыңдар, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайсыңдар және зекетті бересіңдер», деп уәдесін алдық. Содан кейін азғантайыңнан өзгелерің, ол серттен бас тартқан күйде, теріс айналдыңдар
وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَاقَكُمْ لَا تَسْفِكُونَ دِمَاءَكُمْ وَلَا تُخْرِجُونَ أَنْفُسَكُمْ مِنْ دِيَارِكُمْ ثُمَّ أَقْرَرْتُمْ وَأَنْتُمْ تَشْهَدُونَ
Әрі сонда, сендерден: «өздеріңнің бір-біріңнің қандарыңды төкпейсіңдер және қоныстарыңнан шығармайсыңдар», деп уәде алдық. Кейін өздерің куәлік беріп, мойындадыңдар
ثُمَّ أَنْتُمْ هَٰؤُلَاءِ تَقْتُلُونَ أَنْفُسَكُمْ وَتُخْرِجُونَ فَرِيقًا مِنْكُمْ مِنْ دِيَارِهِمْ تَظَاهَرُونَ عَلَيْهِمْ بِالْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَإِنْ يَأْتُوكُمْ أُسَارَىٰ تُفَادُوهُمْ وَهُوَ مُحَرَّمٌ عَلَيْكُمْ إِخْرَاجُهُمْ ۚ أَفَتُؤْمِنُونَ بِبَعْضِ الْكِتَابِ وَتَكْفُرُونَ بِبَعْضٍ ۚ فَمَا جَزَاءُ مَنْ يَفْعَلُ ذَٰلِكَ مِنْكُمْ إِلَّا خِزْيٌ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ يُرَدُّونَ إِلَىٰ أَشَدِّ الْعَذَابِ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Содан соң да сендер өздеріңді бір-біріңді өлтірудесіндер, өздеріңнен бір бөлікті қоныстарыңнан шығарудасындар, оларға қарсы бір-біріңе күнә және дұшпандықтакөмектесесіңдер. Олар діндестерің сендерге тұтқын болып келсе, оларға төлем беріп құтқарудасыңдар.Ал, негізінде, сендерге оларды қоныстарынан шығаруға тыйым салынған болатын . Сонда сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, ал басқа бөлігіне күпірлік етесіңдер ме қарсы келесіңдер ме ? Сендерден осыны істегендерге бұл өмірде қорлықтан басқа қайтарым жоқ. Ал, Қайта тірілу күні олар азаптың ең ауырына ұшыратылады. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл қапы қалушы емес

Choose other languages: