Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #53 Translated in Kazakh

وَإِذْ نَجَّيْنَاكُمْ مِنْ آلِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوءَ الْعَذَابِ يُذَبِّحُونَ أَبْنَاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَاءَكُمْ ۚ وَفِي ذَٰلِكُمْ بَلَاءٌ مِنْ رَبِّكُمْ عَظِيمٌ
Кезінде Біз сендерді ауыр азапқа салған ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдыратын Фиръаунның әулетінен құтқардық. Мұнда сендер үшін өздеріңнің Раббыңнан ұлы сынақ бар
وَإِذْ فَرَقْنَا بِكُمُ الْبَحْرَ فَأَنْجَيْنَاكُمْ وَأَغْرَقْنَا آلَ فِرْعَوْنَ وَأَنْتُمْ تَنْظُرُونَ
Әрі кезінде сендер үшін теңізді қақ айырып, құтқардық та, фиръаун тобын көз алдарыңда суға батырдық
وَإِذْ وَاعَدْنَا مُوسَىٰ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً ثُمَّ اتَّخَذْتُمُ الْعِجْلَ مِنْ بَعْدِهِ وَأَنْتُمْ ظَالِمُونَ
Әрі сол уақытта Мұсаға қырық түн белгіледік. Содан соң ол кеткен кезде сендер оның артынан әділетсіздік етіп, бұзауды құдай етіп алдыңдар
ثُمَّ عَفَوْنَا عَنْكُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Содан кейін, шүкір етулерің Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін сендерді кешірдік
وَإِذْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَالْفُرْقَانَ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
Әрі сол кезде сендердің тура жолға түсулерің үшін Біз Мұсаға Кітапты Тәуратты және фурқанды(жақсы – жаманды айырушы) бердік

Choose other languages: