Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #54 Translated in Kazakh

وَإِذْ فَرَقْنَا بِكُمُ الْبَحْرَ فَأَنْجَيْنَاكُمْ وَأَغْرَقْنَا آلَ فِرْعَوْنَ وَأَنْتُمْ تَنْظُرُونَ
Әрі кезінде сендер үшін теңізді қақ айырып, құтқардық та, фиръаун тобын көз алдарыңда суға батырдық
وَإِذْ وَاعَدْنَا مُوسَىٰ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً ثُمَّ اتَّخَذْتُمُ الْعِجْلَ مِنْ بَعْدِهِ وَأَنْتُمْ ظَالِمُونَ
Әрі сол уақытта Мұсаға қырық түн белгіледік. Содан соң ол кеткен кезде сендер оның артынан әділетсіздік етіп, бұзауды құдай етіп алдыңдар
ثُمَّ عَفَوْنَا عَنْكُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Содан кейін, шүкір етулерің Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін сендерді кешірдік
وَإِذْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَالْفُرْقَانَ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
Әрі сол кезде сендердің тура жолға түсулерің үшін Біз Мұсаға Кітапты Тәуратты және фурқанды(жақсы – жаманды айырушы) бердік
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ يَا قَوْمِ إِنَّكُمْ ظَلَمْتُمْ أَنْفُسَكُمْ بِاتِّخَاذِكُمُ الْعِجْلَ فَتُوبُوا إِلَىٰ بَارِئِكُمْ فَاقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ عِنْدَ بَارِئِكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ ۚ إِنَّهُ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Әрі сонда Мұса еліне: «Әй, елім! Ақиқатында, сендер бұзауды құдай етіп алумен өздеріңе әділетсіздік жасадыңдар! Енді күнәларың үшін өздеріңнің Жаратушыңа бойсұнуға қайтып тәубе қылып өздеріңді өлтіріңдер. Осыны істеулерің Жаратушыңыздың алдында өздерің үшін қайырлы»,- деді. Сонда Аллаһ күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды тәубелеріңді қабыл етті. Әлбетте, Ол тәубені қабыл етуші, ерек­ше Мейірімді

Choose other languages: