Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #57 Translated in Kazakh

وَإِذْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَالْفُرْقَانَ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
Әрі сол кезде сендердің тура жолға түсулерің үшін Біз Мұсаға Кітапты Тәуратты және фурқанды(жақсы – жаманды айырушы) бердік
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ يَا قَوْمِ إِنَّكُمْ ظَلَمْتُمْ أَنْفُسَكُمْ بِاتِّخَاذِكُمُ الْعِجْلَ فَتُوبُوا إِلَىٰ بَارِئِكُمْ فَاقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ عِنْدَ بَارِئِكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ ۚ إِنَّهُ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Әрі сонда Мұса еліне: «Әй, елім! Ақиқатында, сендер бұзауды құдай етіп алумен өздеріңе әділетсіздік жасадыңдар! Енді күнәларың үшін өздеріңнің Жаратушыңа бойсұнуға қайтып тәубе қылып өздеріңді өлтіріңдер. Осыны істеулерің Жаратушыңыздың алдында өздерің үшін қайырлы»,- деді. Сонда Аллаһ күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды тәубелеріңді қабыл етті. Әлбетте, Ол тәубені қабыл етуші, ерек­ше Мейірімді
وَإِذْ قُلْتُمْ يَا مُوسَىٰ لَنْ نُؤْمِنَ لَكَ حَتَّىٰ نَرَى اللَّهَ جَهْرَةً فَأَخَذَتْكُمُ الصَّاعِقَةُ وَأَنْتُمْ تَنْظُرُونَ
Әрі сол кезде сендер: «Ей, Мұса!Аллаһты ашық көрмейінше, саған сенбейміз», дедіңдер. Сонда сендерге, өздерің қарап тұрған кездеріңде найзағай тиді
ثُمَّ بَعَثْنَاكُمْ مِنْ بَعْدِ مَوْتِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Содан кейін, өлгендеріңнен соң, сен­дерді шүкір етулерің берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің үшін қайта тірілттік
وَظَلَّلْنَا عَلَيْكُمُ الْغَمَامَ وَأَنْزَلْنَا عَلَيْكُمُ الْمَنَّ وَالسَّلْوَىٰ ۖ كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ ۖ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Әрі сендерге бұлтты көлеңке етіп, мәнн (ол аса қиындықсыз табуға болатын азық – түлік өнімдері) және сәлуәні (Бөдене секілді құс) түсіріп: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», дедік. Ал, олар Бізге әділетсіздік етпеді, алайда өздеріне әділетсіздік жасады

Choose other languages: