Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #60 Translated in Kazakh

ثُمَّ بَعَثْنَاكُمْ مِنْ بَعْدِ مَوْتِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Содан кейін, өлгендеріңнен соң, сен­дерді шүкір етулерің берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің үшін қайта тірілттік
وَظَلَّلْنَا عَلَيْكُمُ الْغَمَامَ وَأَنْزَلْنَا عَلَيْكُمُ الْمَنَّ وَالسَّلْوَىٰ ۖ كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ ۖ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Әрі сендерге бұлтты көлеңке етіп, мәнн (ол аса қиындықсыз табуға болатын азық – түлік өнімдері) және сәлуәні (Бөдене секілді құс) түсіріп: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», дедік. Ал, олар Бізге әділетсіздік етпеді, алайда өздеріне әділетсіздік жасады
وَإِذْ قُلْنَا ادْخُلُوا هَٰذِهِ الْقَرْيَةَ فَكُلُوا مِنْهَا حَيْثُ شِئْتُمْ رَغَدًا وَادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا وَقُولُوا حِطَّةٌ نَغْفِرْ لَكُمْ خَطَايَاكُمْ ۚ وَسَنَزِيدُ الْمُحْسِنِينَ
Әрі сол кезде оларға: «Осы кентке кіріңдер де оның қалаған жерінен емін-еркін жеңдер. Ал кентке қақпадан иілген халде кіріп: «Хытта» күнәмізді кешір деп айтыңдар. Біз сонда күнәларыңды кешіреміз әрі ықыласпен жақсылық істеушілерге сыйларын арттырамыз», дедік
فَبَدَّلَ الَّذِينَ ظَلَمُوا قَوْلًا غَيْرَ الَّذِي قِيلَ لَهُمْ فَأَنْزَلْنَا عَلَى الَّذِينَ ظَلَمُوا رِجْزًا مِنَ السَّمَاءِ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ
Сонда әділетсіздік жасағандар өздері не айтылған сөзді басқа сөзге ауыстырды.Сондықтан Біз әділетсіздік істеушілерге, бұзықтықтары бойсұнбаулары себепті, аспаннан азап түсірдік
وَإِذِ اسْتَسْقَىٰ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ فَقُلْنَا اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْحَجَرَ ۖ فَانْفَجَرَتْ مِنْهُ اثْنَتَا عَشْرَةَ عَيْنًا ۖ قَدْ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسٍ مَشْرَبَهُمْ ۖ كُلُوا وَاشْرَبُوا مِنْ رِزْقِ اللَّهِ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ
Әрі кезінде Мұса елі үшін су сұрағанда, Біз: «Таяғыңмен тасты ұр», дедік. Одан он екі бұлақ жарып шықты. Сөйтіп адамдардың әрбірі өздерінің су алатын жерін білетін болды. Оларға: «Аллаһтың берген ризығынан жеп-ішіңдер және жер жүзінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», делінді

Choose other languages: