Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #264 Translated in Kazakh

وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ أَرِنِي كَيْفَ تُحْيِي الْمَوْتَىٰ ۖ قَالَ أَوَلَمْ تُؤْمِنْ ۖ قَالَ بَلَىٰ وَلَٰكِنْ لِيَطْمَئِنَّ قَلْبِي ۖ قَالَ فَخُذْ أَرْبَعَةً مِنَ الطَّيْرِ فَصُرْهُنَّ إِلَيْكَ ثُمَّ اجْعَلْ عَلَىٰ كُلِّ جَبَلٍ مِنْهُنَّ جُزْءًا ثُمَّ ادْعُهُنَّ يَأْتِينَكَ سَعْيًا ۚ وَاعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Әрі сол кезде Ибраһим: «Раббым! Маған өліктерді қалай тірілтетініңді көрсет», деді. Ол: «Сенбейсің бе?» деді. Ибраһим: «Жоқ, әлбетте сенемін , бірақ жүрегімнің орнығуы үшін», деді. Ол Аллаһ : «Құстардан төртеуін өзіңе алып сойып, етін араластырып жина да, содан кейін олардың бір-бір бөлігін әр таудың басына қой. Кейін оларды шақыр, сонда олар саған тез жетіп келеді. Әрі, Аллаһтың бәрінен Үстем, аса Дана екенін біл», деді
مَثَلُ الَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ كَمَثَلِ حَبَّةٍ أَنْبَتَتْ سَبْعَ سَنَابِلَ فِي كُلِّ سُنْبُلَةٍ مِائَةُ حَبَّةٍ ۗ وَاللَّهُ يُضَاعِفُ لِمَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсағандардың мысалы жеті бас масақ шығарған бір түйір дән тәрізді, әрбір масақта жүз дәннен бар. Әрі Аллаһ қалағанына еселеп арттырып береді. Аллаһ берекесі Кең , бәрін Білуші
الَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ لَا يُتْبِعُونَ مَا أَنْفَقُوا مَنًّا وَلَا أَذًى ۙ لَهُمْ أَجْرُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсап, кейін бергендеріне міндетсіну және реніш араластырмайтындардың сыйы олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
قَوْلٌ مَعْرُوفٌ وَمَغْفِرَةٌ خَيْرٌ مِنْ صَدَقَةٍ يَتْبَعُهَا أَذًى ۗ وَاللَّهُ غَنِيٌّ حَلِيمٌ
жақсы сөз және кешірім артынан реніш араласқан садақадан қайырлы. Аллаһ аса Бай, өте Ұстамды
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُبْطِلُوا صَدَقَاتِكُمْ بِالْمَنِّ وَالْأَذَىٰ كَالَّذِي يُنْفِقُ مَالَهُ رِئَاءَ النَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۖ فَمَثَلُهُ كَمَثَلِ صَفْوَانٍ عَلَيْهِ تُرَابٌ فَأَصَابَهُ وَابِلٌ فَتَرَكَهُ صَلْدًا ۖ لَا يَقْدِرُونَ عَلَىٰ شَيْءٍ مِمَّا كَسَبُوا ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға рия көрсету үшін жұмсап, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер. Олай еткеннің мысалы үстін топырақ жапқан жылтыр тасқа ұқсайды. Сонда қатты жаңбыр жауып, оны жылтыр күйінде қалдырды. Олар осылай істеген ісінен ешбір пайда ала алмайды. Әрі Аллаһ кәпір адамдарды тура жолмен жүргізбейді

Choose other languages: