Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #265 Translated in Kazakh

مَثَلُ الَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ كَمَثَلِ حَبَّةٍ أَنْبَتَتْ سَبْعَ سَنَابِلَ فِي كُلِّ سُنْبُلَةٍ مِائَةُ حَبَّةٍ ۗ وَاللَّهُ يُضَاعِفُ لِمَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсағандардың мысалы жеті бас масақ шығарған бір түйір дән тәрізді, әрбір масақта жүз дәннен бар. Әрі Аллаһ қалағанына еселеп арттырып береді. Аллаһ берекесі Кең , бәрін Білуші
الَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ لَا يُتْبِعُونَ مَا أَنْفَقُوا مَنًّا وَلَا أَذًى ۙ لَهُمْ أَجْرُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсап, кейін бергендеріне міндетсіну және реніш араластырмайтындардың сыйы олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
قَوْلٌ مَعْرُوفٌ وَمَغْفِرَةٌ خَيْرٌ مِنْ صَدَقَةٍ يَتْبَعُهَا أَذًى ۗ وَاللَّهُ غَنِيٌّ حَلِيمٌ
жақсы сөз және кешірім артынан реніш араласқан садақадан қайырлы. Аллаһ аса Бай, өте Ұстамды
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُبْطِلُوا صَدَقَاتِكُمْ بِالْمَنِّ وَالْأَذَىٰ كَالَّذِي يُنْفِقُ مَالَهُ رِئَاءَ النَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۖ فَمَثَلُهُ كَمَثَلِ صَفْوَانٍ عَلَيْهِ تُرَابٌ فَأَصَابَهُ وَابِلٌ فَتَرَكَهُ صَلْدًا ۖ لَا يَقْدِرُونَ عَلَىٰ شَيْءٍ مِمَّا كَسَبُوا ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға рия көрсету үшін жұмсап, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер. Олай еткеннің мысалы үстін топырақ жапқан жылтыр тасқа ұқсайды. Сонда қатты жаңбыр жауып, оны жылтыр күйінде қалдырды. Олар осылай істеген ісінен ешбір пайда ала алмайды. Әрі Аллаһ кәпір адамдарды тура жолмен жүргізбейді
وَمَثَلُ الَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمُ ابْتِغَاءَ مَرْضَاتِ اللَّهِ وَتَثْبِيتًا مِنْ أَنْفُسِهِمْ كَمَثَلِ جَنَّةٍ بِرَبْوَةٍ أَصَابَهَا وَابِلٌ فَآتَتْ أُكُلَهَا ضِعْفَيْنِ فَإِنْ لَمْ يُصِبْهَا وَابِلٌ فَطَلٌّ ۗ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Ал, мал-дүниелерін Аллаһтың ризалығын іздеп және өз жандарын бекіту үшін жұмсағандар көтеріңкі жердегі бір баққа ұқсайды. Оған мол жаңбыр жауып, жемісін екі есе берді. Ал, егер оған мол жаңбыр! тимесе, сіркіреген жаңбыр да жеткілікті. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші

Choose other languages: