Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #205 Translated in Kazakh

وَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ
Сондай-ақ олардың кейбірі: «Раббы­мыз! Бізге осы өмірде игілік бер әрі соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте игілік бер және бізді От азабынан сақта!» дейді
أُولَٰئِكَ لَهُمْ نَصِيبٌ مِمَّا كَسَبُوا ۚ وَاللَّهُ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Міне, олар үшін тапқандарынан істеген амалдарынан үлес бар. Аллаһ есеп алуда өте жылдам
وَاذْكُرُوا اللَّهَ فِي أَيَّامٍ مَعْدُودَاتٍ ۚ فَمَنْ تَعَجَّلَ فِي يَوْمَيْنِ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ وَمَنْ تَأَخَّرَ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ ۚ لِمَنِ اتَّقَىٰ ۗ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Аллаһты санаулы күндерде еске алыңдар, кім асықса Минадағы құлшылықтарды екі күн ішінде аяқтауында оған ешбір күнә жоқ. Ал кім қалса үшінші күнді аяқтаса , оған да күнә жоқ. Бұл тақуалық етушілер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар әрі Оған жиналатындарыңды біліңдер
وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يُعْجِبُكَ قَوْلُهُ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيُشْهِدُ اللَّهَ عَلَىٰ مَا فِي قَلْبِهِ وَهُوَ أَلَدُّ الْخِصَامِ
Ей, Мұхаммед! Адамдардың арасында бұл өмірде сөзі сені таңқалдыратын әрі жүрегіндегіге Аллаһты куә ететін бар. Әрі өзі айтыс-тартыста қайтпайтын бірбеткей
وَإِذَا تَوَلَّىٰ سَعَىٰ فِي الْأَرْضِ لِيُفْسِدَ فِيهَا وَيُهْلِكَ الْحَرْثَ وَالنَّسْلَ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الْفَسَادَ
Ал, қашан ол қасыңнан кетсе, жер бетін бүлдіруге, егін мен ұрпақты құртуға әрекет етеді. Ал, Аллаһ бұзу-бүлдірушілікті жақсы көрмейді

Choose other languages: