Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #148 Translated in Kazakh

قَدْ نَرَىٰ تَقَلُّبَ وَجْهِكَ فِي السَّمَاءِ ۖ فَلَنُوَلِّيَنَّكَ قِبْلَةً تَرْضَاهَا ۚ فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۚ وَحَيْثُ مَا كُنْتُمْ فَوَلُّوا وُجُوهَكُمْ شَطْرَهُ ۗ وَإِنَّ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ لَيَعْلَمُونَ أَنَّهُ الْحَقُّ مِنْ رَبِّهِمْ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا يَعْمَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз жүзіңнің аспанға бұрылғанын көреміз. Енді сені өзің разы болатын қыблаға бағытқа бұрамыз.Жүзіңді «әл-Харам» мешіті жағына қарат.Қай жерде болсаңдар да намазға тұрғанда жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Ақиқатында, Кітап берілгендер, оның қыбланыңауысуының олардың Раббысынан бір ақиқат екенін біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарынан хабарсыз емес
وَلَئِنْ أَتَيْتَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ بِكُلِّ آيَةٍ مَا تَبِعُوا قِبْلَتَكَ ۚ وَمَا أَنْتَ بِتَابِعٍ قِبْلَتَهُمْ ۚ وَمَا بَعْضُهُمْ بِتَابِعٍ قِبْلَةَ بَعْضٍ ۚ وَلَئِنِ اتَّبَعْتَ أَهْوَاءَهُمْ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَكَ مِنَ الْعِلْمِ ۙ إِنَّكَ إِذًا لَمِنَ الظَّالِمِينَ
Әрі Кітап берілгендерге барлық белгілерді келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді. Сен де олардың қыбласына еруші емессің. Сондай-ақ олар да бір-бірінің қыбласына еруші емес. Өзіңе білім келгеннен кейін, олардың көңіл құмарлығына ерсең, онда сен сөзсіз, әділетсіздерден боласың
الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْرِفُونَهُ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَاءَهُمْ ۖ وَإِنَّ فَرِيقًا مِنْهُمْ لَيَكْتُمُونَ الْحَقَّ وَهُمْ يَعْلَمُونَ
Ақиқатында, Біз өздеріне кітап бергендер оны Мұхаммедті өз ұлдарын танығандай таниды. Әрі олардың бір тобы шындықты біле тұрып жасырады
الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ ۖ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُمْتَرِينَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқат Раббыңнан, сондықтан күмәнданушылардан болма
وَلِكُلٍّ وِجْهَةٌ هُوَ مُوَلِّيهَا ۖ فَاسْتَبِقُوا الْخَيْرَاتِ ۚ أَيْنَ مَا تَكُونُوا يَأْتِ بِكُمُ اللَّهُ جَمِيعًا ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Әркімнің бет бұратын бағыты бар. Қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар жақсылыққа жарысыңдар . Қайда болсаңдар да Аллаһ сендердің барлығыңды келтіреді жинайды . Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

Choose other languages: