Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #143 Translated in Kazakh

قُلْ أَتُحَاجُّونَنَا فِي اللَّهِ وَهُوَ رَبُّنَا وَرَبُّكُمْ وَلَنَا أَعْمَالُنَا وَلَكُمْ أَعْمَالُكُمْ وَنَحْنُ لَهُ مُخْلِصُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ біздің де Раббымыз және сендердің де Раббың бола тұрып, Ол жайында бізбен тартысасыңдар ма? Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Біз құлшылығымызды серік қосудан тазартып Оған ғана арнаймыз»,- деп
أَمْ تَقُولُونَ إِنَّ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالْأَسْبَاطَ كَانُوا هُودًا أَوْ نَصَارَىٰ ۗ قُلْ أَأَنْتُمْ أَعْلَمُ أَمِ اللَّهُ ۗ وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ كَتَمَ شَهَادَةً عِنْدَهُ مِنَ اللَّهِ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Әлде сендер: «Ибраһим, Исмаъил, Исхақ, Йаъқуб және оның ұрпақтары иудей немесе христиан болған еді»,- дейсіңдер ме? Айт: «Сендер жақсы білесіңдер ме, әлде Аллаһ па?» деп. Аллаһтан берілген куәлікті, өзінде жасырғаннан өткен әділетсіз біреу бар ма? Аллаһ істеп жатқан амалдарыңнан ғапыл қапы қалушы емес
تِلْكَ أُمَّةٌ قَدْ خَلَتْ ۖ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَلَكُمْ مَا كَسَبْتُمْ ۖ وَلَا تُسْأَلُونَ عَمَّا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Міне, осылар өтіп кеткен бір үммет. Оның ол үмметтің тапқаны өзіне, ал сендерге өздеріңнің тапқандарың. Сендер олардың іс-амалдары жайлы сұраққа тартылмайсыңдар
سَيَقُولُ السُّفَهَاءُ مِنَ النَّاسِ مَا وَلَّاهُمْ عَنْ قِبْلَتِهِمُ الَّتِي كَانُوا عَلَيْهَا ۚ قُلْ لِلَّهِ الْمَشْرِقُ وَالْمَغْرِبُ ۚ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Адамдардың жетесіздері: «Оларды өздері ұстанып келген қыблаларынан не бұрды?» дейді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Шығыс та, батыс та Аллаһтікі. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді»,- деп
وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَاكُمْ أُمَّةً وَسَطًا لِتَكُونُوا شُهَدَاءَ عَلَى النَّاسِ وَيَكُونَ الرَّسُولُ عَلَيْكُمْ شَهِيدًا ۗ وَمَا جَعَلْنَا الْقِبْلَةَ الَّتِي كُنْتَ عَلَيْهَا إِلَّا لِنَعْلَمَ مَنْ يَتَّبِعُ الرَّسُولَ مِمَّنْ يَنْقَلِبُ عَلَىٰ عَقِبَيْهِ ۚ وَإِنْ كَانَتْ لَكَبِيرَةً إِلَّا عَلَى الَّذِينَ هَدَى اللَّهُ ۗ وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُضِيعَ إِيمَانَكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ بِالنَّاسِ لَرَءُوفٌ رَحِيمٌ
Біз сендерді адамдарға куә болуларың және Елшінің сендерге куә болуы үшін осылай, орта орта аралықты ұстанатын бір үммет қылдық. Елшіге еретіндерді теріс бұрылып кететіндерден айырып білу үшінғана, сен ұстанған қыбланы белгілеген едік. Аллаһ тура жолға салғаннан басқаларға қыбланың ауысуы өте ауыр болды. Аллаһ имандарыңды зая кетірмейді. Шын мәнінде, Аллаһ адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді

Choose other languages: