Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #142 Translated in Kazakh

صِبْغَةَ اللَّهِ ۖ وَمَنْ أَحْسَنُ مِنَ اللَّهِ صِبْغَةً ۖ وَنَحْنُ لَهُ عَابِدُونَ
Түр-түс Аллаһтікі! Түр-түс беруде Аллаһтан артық кім бар? Біз Оған құлшылық етушіміз
قُلْ أَتُحَاجُّونَنَا فِي اللَّهِ وَهُوَ رَبُّنَا وَرَبُّكُمْ وَلَنَا أَعْمَالُنَا وَلَكُمْ أَعْمَالُكُمْ وَنَحْنُ لَهُ مُخْلِصُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ біздің де Раббымыз және сендердің де Раббың бола тұрып, Ол жайында бізбен тартысасыңдар ма? Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Біз құлшылығымызды серік қосудан тазартып Оған ғана арнаймыз»,- деп
أَمْ تَقُولُونَ إِنَّ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالْأَسْبَاطَ كَانُوا هُودًا أَوْ نَصَارَىٰ ۗ قُلْ أَأَنْتُمْ أَعْلَمُ أَمِ اللَّهُ ۗ وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ كَتَمَ شَهَادَةً عِنْدَهُ مِنَ اللَّهِ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Әлде сендер: «Ибраһим, Исмаъил, Исхақ, Йаъқуб және оның ұрпақтары иудей немесе христиан болған еді»,- дейсіңдер ме? Айт: «Сендер жақсы білесіңдер ме, әлде Аллаһ па?» деп. Аллаһтан берілген куәлікті, өзінде жасырғаннан өткен әділетсіз біреу бар ма? Аллаһ істеп жатқан амалдарыңнан ғапыл қапы қалушы емес
تِلْكَ أُمَّةٌ قَدْ خَلَتْ ۖ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَلَكُمْ مَا كَسَبْتُمْ ۖ وَلَا تُسْأَلُونَ عَمَّا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Міне, осылар өтіп кеткен бір үммет. Оның ол үмметтің тапқаны өзіне, ал сендерге өздеріңнің тапқандарың. Сендер олардың іс-амалдары жайлы сұраққа тартылмайсыңдар
سَيَقُولُ السُّفَهَاءُ مِنَ النَّاسِ مَا وَلَّاهُمْ عَنْ قِبْلَتِهِمُ الَّتِي كَانُوا عَلَيْهَا ۚ قُلْ لِلَّهِ الْمَشْرِقُ وَالْمَغْرِبُ ۚ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Адамдардың жетесіздері: «Оларды өздері ұстанып келген қыблаларынан не бұрды?» дейді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Шығыс та, батыс та Аллаһтікі. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді»,- деп

Choose other languages: