Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #132 Translated in Kazakh

رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُسْلِمَةً لَكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبْ عَلَيْنَا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Раббымыз! Екеумізді де Өзіңе берілушілерден ет және ұрпағымыздан да берілуші үммет ете гөр. Бізге құлшылықтарымызды амал, тәртіптерін көрсетіп, күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтуымызды тәубемізді қабыл ет! Күмәнсіз, Сен -тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімдісің
رَبَّنَا وَابْعَثْ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْ ۚ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Раббымыз! Оларға, аяттарыңды оқитын, Кітап пен Даналықты үйрететін және оларды тазартатын өз араларынан болған бір Елші жібер! Сен ақиқатында, бәрінен Үстем , аса Данасың », деді
وَمَنْ يَرْغَبُ عَنْ مِلَّةِ إِبْرَاهِيمَ إِلَّا مَنْ سَفِهَ نَفْسَهُ ۚ وَلَقَدِ اصْطَفَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا ۖ وَإِنَّهُ فِي الْآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ
Ал, Ибраһимнің дінінен өзін-өзі адастырғаннан өзге кім бет бұрады? Ақиқатында, Біз осы өмірде оны абзал етіп таңдадық әрі соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте , ол сөзсіз, ізгілер қатарында болады
إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ ۖ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Кезінде Раббысы оған: «Бойсұн!» деді. Ол: «Әлемдердің Раббысына бойсұндым», деді
وَوَصَّىٰ بِهَا إِبْرَاهِيمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَا بَنِيَّ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ لَكُمُ الدِّينَ فَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنْتُمْ مُسْلِمُونَ
Ибраһим мұны Аллаһқа бойсұнуды ұлдарына өсиет етті және Йаъқуб та: «Ей, ұлдарым! Ақиқатында, Аллаһ сендерге бұл дінді таңдады. Сондықтан сендер Аллаһқа берілгеннен басқа хәлде өлмендер!», деді. Тек мұсылман болған күйде өліңдер

Choose other languages: