Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #133 Translated in Kazakh

رَبَّنَا وَابْعَثْ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْ ۚ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Раббымыз! Оларға, аяттарыңды оқитын, Кітап пен Даналықты үйрететін және оларды тазартатын өз араларынан болған бір Елші жібер! Сен ақиқатында, бәрінен Үстем , аса Данасың », деді
وَمَنْ يَرْغَبُ عَنْ مِلَّةِ إِبْرَاهِيمَ إِلَّا مَنْ سَفِهَ نَفْسَهُ ۚ وَلَقَدِ اصْطَفَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا ۖ وَإِنَّهُ فِي الْآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ
Ал, Ибраһимнің дінінен өзін-өзі адастырғаннан өзге кім бет бұрады? Ақиқатында, Біз осы өмірде оны абзал етіп таңдадық әрі соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте , ол сөзсіз, ізгілер қатарында болады
إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ ۖ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Кезінде Раббысы оған: «Бойсұн!» деді. Ол: «Әлемдердің Раббысына бойсұндым», деді
وَوَصَّىٰ بِهَا إِبْرَاهِيمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَا بَنِيَّ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ لَكُمُ الدِّينَ فَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنْتُمْ مُسْلِمُونَ
Ибраһим мұны Аллаһқа бойсұнуды ұлдарына өсиет етті және Йаъқуб та: «Ей, ұлдарым! Ақиқатында, Аллаһ сендерге бұл дінді таңдады. Сондықтан сендер Аллаһқа берілгеннен басқа хәлде өлмендер!», деді. Тек мұсылман болған күйде өліңдер
أَمْ كُنْتُمْ شُهَدَاءَ إِذْ حَضَرَ يَعْقُوبَ الْمَوْتُ إِذْ قَالَ لِبَنِيهِ مَا تَعْبُدُونَ مِنْ بَعْدِي قَالُوا نَعْبُدُ إِلَٰهَكَ وَإِلَٰهَ آبَائِكَ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ إِلَٰهًا وَاحِدًا وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ
Сендер әлде өлім үстінде жатқан Йаъқуб өзінің ұлдарына: «Менен кейін не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» дегенде, қасында тұрып куә болдыңдар ма? Олар: «Біз сенің құдайыңа әрі аталарың Ибраһим,Исмаъил және Исхақтың құдайы жалғыз құдайға құлшылық етеміз. Біз Оған бойсұнушымыз», деді

Choose other languages: