Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #131 Translated in Kazakh

وَإِذْ يَرْفَعُ إِبْرَاهِيمُ الْقَوَاعِدَ مِنَ الْبَيْتِ وَإِسْمَاعِيلُ رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Әрі сонда Ибраһим мен Исмаъил Үйдің Қағбаның ірге тасын көтеріп жатып: «Раббымыз, бізден қабыл ал! Ақиқатында, Сен барлық нәрсені Естуші, бәрін Білушісің
رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُسْلِمَةً لَكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبْ عَلَيْنَا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Раббымыз! Екеумізді де Өзіңе берілушілерден ет және ұрпағымыздан да берілуші үммет ете гөр. Бізге құлшылықтарымызды амал, тәртіптерін көрсетіп, күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтуымызды тәубемізді қабыл ет! Күмәнсіз, Сен -тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімдісің
رَبَّنَا وَابْعَثْ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْ ۚ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Раббымыз! Оларға, аяттарыңды оқитын, Кітап пен Даналықты үйрететін және оларды тазартатын өз араларынан болған бір Елші жібер! Сен ақиқатында, бәрінен Үстем , аса Данасың », деді
وَمَنْ يَرْغَبُ عَنْ مِلَّةِ إِبْرَاهِيمَ إِلَّا مَنْ سَفِهَ نَفْسَهُ ۚ وَلَقَدِ اصْطَفَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا ۖ وَإِنَّهُ فِي الْآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ
Ал, Ибраһимнің дінінен өзін-өзі адастырғаннан өзге кім бет бұрады? Ақиқатында, Біз осы өмірде оны абзал етіп таңдадық әрі соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте , ол сөзсіз, ізгілер қатарында болады
إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ ۖ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Кезінде Раббысы оған: «Бойсұн!» деді. Ол: «Әлемдердің Раббысына бойсұндым», деді

Choose other languages: