Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #117 Translated in Kazakh

وَقَالَتِ الْيَهُودُ لَيْسَتِ النَّصَارَىٰ عَلَىٰ شَيْءٍ وَقَالَتِ النَّصَارَىٰ لَيْسَتِ الْيَهُودُ عَلَىٰ شَيْءٍ وَهُمْ يَتْلُونَ الْكِتَابَ ۗ كَذَٰلِكَ قَالَ الَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ مِثْلَ قَوْلِهِمْ ۚ فَاللَّهُ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
Әрі иудейлер: «Христиандарда еш негіз жоқ», деді, христиандар да: «Иудейлерде еш негіз жоқ», деді. Ал, олар Кітапты оқиды. Білмейтіндер де дәл осылай, олардың айтқаны секілді сөз айтты. Қайта тірілу күні Аллаһ, олардың тартысқан нәрселері жөнінде Өз үкімін айтады
وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ مَنَعَ مَسَاجِدَ اللَّهِ أَنْ يُذْكَرَ فِيهَا اسْمُهُ وَسَعَىٰ فِي خَرَابِهَا ۚ أُولَٰئِكَ مَا كَانَ لَهُمْ أَنْ يَدْخُلُوهَا إِلَّا خَائِفِينَ ۚ لَهُمْ فِي الدُّنْيَا خِزْيٌ وَلَهُمْ فِي الْآخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Аллаһқа құлшылық етілетін орындарда, Оның есімі еске алынуын тыйғаннан және ол орындарды бұзуға ұмтылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Олар ол жерлерге құлшылық орындарына қорыққан күйде ғана кіруі керек еді. Оларға бұл өмірде қорлық, ал соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте өте үлкен азап бар
وَلِلَّهِ الْمَشْرِقُ وَالْمَغْرِبُ ۚ فَأَيْنَمَا تُوَلُّوا فَثَمَّ وَجْهُ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Шығыс та, батыс та Аллаһтікі. Қай жаққа бұрылсаңдар да Аллаһтың жүзі сол жақта. Ақиқатында, Аллаһ мейірімі Кең , бәрін Білуші
وَقَالُوا اتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا ۗ سُبْحَانَهُ ۖ بَلْ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ كُلٌّ لَهُ قَانِتُونَ
Әрі олар: «Аллаһ Өзіне бала иемденді», деді. Ол барлық кемшіліктен пәк. Негізінде, аспандардағы және жердегілер Онікі, барлық нәрселер Оған бағынушы
بَدِيعُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَإِذَا قَضَىٰ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ
Ол аспандарды және жерді жоқтан бар етуші . Егер бір нәрсенің бар болуын белгілесе,оған тек қана «Бол!» дейді, сонда ол болады

Choose other languages: