Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #108 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَقُولُوا رَاعِنَا وَقُولُوا انْظُرْنَا وَاسْمَعُوا ۗ وَلِلْكَافِرِينَ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ей, иманға келгендер! «Раъина» (бізге көңіл бөл) демеңдер, «Унзурна» (бізге қара) деп айтыңдар әрі құлақ асындар. Ал, кәпірлер үшін күйзелтуші азап бар
مَا يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ وَلَا الْمُشْرِكِينَ أَنْ يُنَزَّلَ عَلَيْكُمْ مِنْ خَيْرٍ مِنْ رَبِّكُمْ ۗ وَاللَّهُ يَخْتَصُّ بِرَحْمَتِهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ
Кітап берілген қауымнан және мүшріктерден күпірлік еткендер қарсы келгендер сендерге өздеріңнің Раббыңнан игіліктің түскенін қаламайды. Ал, Аллаһ, Өз мейірімімен қалағанын ерекшелеп таңдайды. Аллаһ ұлы кеңшілік Иесі
مَا نَنْسَخْ مِنْ آيَةٍ أَوْ نُنْسِهَا نَأْتِ بِخَيْرٍ مِنْهَا أَوْ مِثْلِهَا ۗ أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аяттардың бірін мансұқ (аятты ауыстыру) етсек немесе ұмыттырсақ, одан жақсыны, не сол секілдіні аятты келтіреміз. Ей,Мұхаммед! Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы екенін білмедің бе
أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَمَا لَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта екенін білмедің бе? Сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ
أَمْ تُرِيدُونَ أَنْ تَسْأَلُوا رَسُولَكُمْ كَمَا سُئِلَ مُوسَىٰ مِنْ قَبْلُ ۗ وَمَنْ يَتَبَدَّلِ الْكُفْرَ بِالْإِيمَانِ فَقَدْ ضَلَّ سَوَاءَ السَّبِيلِ
Немесе сендер, Мұса елінен сұралғаны секілді, өз Елшілеріңнен сұрауды қалайсыңдар ма? Кім иманды күпірлікке имансыздыққа алмастырса, әлбетте, тура жолдан адасты

Choose other languages: