Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #110 Translated in Kazakh

مَا نَنْسَخْ مِنْ آيَةٍ أَوْ نُنْسِهَا نَأْتِ بِخَيْرٍ مِنْهَا أَوْ مِثْلِهَا ۗ أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аяттардың бірін мансұқ (аятты ауыстыру) етсек немесе ұмыттырсақ, одан жақсыны, не сол секілдіні аятты келтіреміз. Ей,Мұхаммед! Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы екенін білмедің бе
أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَمَا لَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта екенін білмедің бе? Сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ
أَمْ تُرِيدُونَ أَنْ تَسْأَلُوا رَسُولَكُمْ كَمَا سُئِلَ مُوسَىٰ مِنْ قَبْلُ ۗ وَمَنْ يَتَبَدَّلِ الْكُفْرَ بِالْإِيمَانِ فَقَدْ ضَلَّ سَوَاءَ السَّبِيلِ
Немесе сендер, Мұса елінен сұралғаны секілді, өз Елшілеріңнен сұрауды қалайсыңдар ма? Кім иманды күпірлікке имансыздыққа алмастырса, әлбетте, тура жолдан адасты
وَدَّ كَثِيرٌ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ لَوْ يَرُدُّونَكُمْ مِنْ بَعْدِ إِيمَانِكُمْ كُفَّارًا حَسَدًا مِنْ عِنْدِ أَنْفُسِهِمْ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ الْحَقُّ ۖ فَاعْفُوا وَاصْفَحُوا حَتَّىٰ يَأْتِيَ اللَّهُ بِأَمْرِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Кітап берілген қауымның көбі, өздеріне ақиқат анықталса да, күншілдіктері себебінен, сендерді иманға келгеннен соң, күпірлікке имансыздыққа қайтаруды қалайды. Аллаһ Өз әмірін келтіргенге дейін, кешіріңдер де жөндеріне қоя тұрыңдар. Анығында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ ۚ وَمَا تُقَدِّمُوا لِأَنْفُسِكُمْ مِنْ خَيْرٍ تَجِدُوهُ عِنْدَ اللَّهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Әрі намазды барлық шарттарын сақтап, беріле, толық орындаңдар, зекетті беріңдер. Өздерің үшін қандай да бір жақсылық дайындасаңдар, оны Аллаһтың қасында табасыңдар. Шынында, Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші

Choose other languages: