Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #174 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِالْكِتَابِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ الْمُصْلِحِينَ
Ал, Кітапты ұстанып, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындар болса ақиқатында, Біз түзетушілердің игілік істеушілердің сыйларын босқа жібермейміз
وَإِذْ نَتَقْنَا الْجَبَلَ فَوْقَهُمْ كَأَنَّهُ ظُلَّةٌ وَظَنُّوا أَنَّهُ وَاقِعٌ بِهِمْ خُذُوا مَا آتَيْنَاكُمْ بِقُوَّةٍ وَاذْكُرُوا مَا فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ
Кезінде тауды қалқа тәрізді етіп, олардың үстерінен көтердік. Олар оны үстеріне түседі деп ойлады. «Сендерге бергенімізді Тәуратты мықтап ұстаңдар және тақуалық етулерің Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың үшін оның ішіндегіні еске алыңдар», дедік
وَإِذْ أَخَذَ رَبُّكَ مِنْ بَنِي آدَمَ مِنْ ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَأَشْهَدَهُمْ عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ ۖ قَالُوا بَلَىٰ ۛ شَهِدْنَا ۛ أَنْ تَقُولُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَٰذَا غَافِلِينَ
Ей, Мұхаммед! Сенің Раббың Адам ұрпақтарының арқаларынан нәсілдерін алып: «Мен Сендердің Раббың емеспін бе?» деп, олардың өздерін-өздеріне куә етті. Олар: «Әлбетте, біз куә болдық», деді. Бұл Қайта тірілу күні: «Біз бұдан хабарсыз болдық», деп айтпауларың үшін
أَوْ تَقُولُوا إِنَّمَا أَشْرَكَ آبَاؤُنَا مِنْ قَبْلُ وَكُنَّا ذُرِّيَّةً مِنْ بَعْدِهِمْ ۖ أَفَتُهْلِكُنَا بِمَا فَعَلَ الْمُبْطِلُونَ
Немесе: «Шын мәнінде, бұрында да әкелеріміз серік қосқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Өтірікшілердің істегені үшін бізді жоясың ба? демеулерің үшін
وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ وَلَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Олардың серік қосушыларың ақиқатқа қайтуы үшін Біз аяттарымызды осы­лай анықтап түсіндіреміз

Choose other languages: