Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #176 Translated in Kazakh

وَإِذْ أَخَذَ رَبُّكَ مِنْ بَنِي آدَمَ مِنْ ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَأَشْهَدَهُمْ عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ ۖ قَالُوا بَلَىٰ ۛ شَهِدْنَا ۛ أَنْ تَقُولُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَٰذَا غَافِلِينَ
Ей, Мұхаммед! Сенің Раббың Адам ұрпақтарының арқаларынан нәсілдерін алып: «Мен Сендердің Раббың емеспін бе?» деп, олардың өздерін-өздеріне куә етті. Олар: «Әлбетте, біз куә болдық», деді. Бұл Қайта тірілу күні: «Біз бұдан хабарсыз болдық», деп айтпауларың үшін
أَوْ تَقُولُوا إِنَّمَا أَشْرَكَ آبَاؤُنَا مِنْ قَبْلُ وَكُنَّا ذُرِّيَّةً مِنْ بَعْدِهِمْ ۖ أَفَتُهْلِكُنَا بِمَا فَعَلَ الْمُبْطِلُونَ
Немесе: «Шын мәнінде, бұрында да әкелеріміз серік қосқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Өтірікшілердің істегені үшін бізді жоясың ба? демеулерің үшін
وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ وَلَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Олардың серік қосушыларың ақиқатқа қайтуы үшін Біз аяттарымызды осы­лай анықтап түсіндіреміз
وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ الَّذِي آتَيْنَاهُ آيَاتِنَا فَانْسَلَخَ مِنْهَا فَأَتْبَعَهُ الشَّيْطَانُ فَكَانَ مِنَ الْغَاوِينَ
Ей, Мұхаммед! Біз аяттарымызды бергенде, ол оны ысырып тастап кеткен біреудің хабарын оқып бер. Сонда шайтан оны өзіне ерушілерден етті. Әрі ол адасушылардан болды
وَلَوْ شِئْنَا لَرَفَعْنَاهُ بِهَا وَلَٰكِنَّهُ أَخْلَدَ إِلَى الْأَرْضِ وَاتَّبَعَ هَوَاهُ ۚ فَمَثَلُهُ كَمَثَلِ الْكَلْبِ إِنْ تَحْمِلْ عَلَيْهِ يَلْهَثْ أَوْ تَتْرُكْهُ يَلْهَثْ ۚ ذَٰلِكَ مَثَلُ الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا ۚ فَاقْصُصِ الْقَصَصَ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ
Егер қаласақ, оны сол аяттар, иман арқылы жоғары көтерер едік. Алайда, ол жерге дүние қызықтарына жабысып, өзінің көңіл құмарлығына ерді. Оның сиқы оған тиіссең де тілін салақтататын, тиіспесең де тілін салақтатып тұратын бір ит секілді. Аяттарымызды өтірік санаған адамдардың мысалы осы. Оларға ойланулары ғибрат алулары үшін хабарларды айтып жеткіз

Choose other languages: