Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #168 Translated in Kazakh

وَإِذْ قَالَتْ أُمَّةٌ مِنْهُمْ لِمَ تَعِظُونَ قَوْمًا ۙ اللَّهُ مُهْلِكُهُمْ أَوْ مُعَذِّبُهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ قَالُوا مَعْذِرَةً إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ
Сол кезде олардың бір бөлігі: «Аллаһ құртатын немесе қатты азаппен азаптайтын адамдарды сендер не үшін үгіттейсіңдер?» деді. Олар. «Раббыңыздың алдында ақталуымыз үшін насихат етеміз!.Мүмкін олар Аллаһтан қорқып сақтанар», деді
فَلَمَّا نَسُوا مَا ذُكِّرُوا بِهِ أَنْجَيْنَا الَّذِينَ يَنْهَوْنَ عَنِ السُّوءِ وَأَخَذْنَا الَّذِينَ ظَلَمُوا بِعَذَابٍ بَئِيسٍ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ
Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жамандықтан қайтарушыларды құтқардық және әділетсіздік істегендерді бұзық істері үшін қатты азаппен жазаладық
فَلَمَّا عَتَوْا عَنْ مَا نُهُوا عَنْهُ قُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ
Олар өздеріне салынған тыйымнан шыққан кезде, оларға: «Жеккөрінішті маймыл болыңдар!» дедік
وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكَ لَيَبْعَثَنَّ عَلَيْهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ يَسُومُهُمْ سُوءَ الْعَذَابِ ۗ إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ الْعِقَابِ ۖ وَإِنَّهُ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Сол кезде Раббың Қайта тірілу күніне дейін оларға міндетті түрде азап тигізетіндерді жіберетінін жариялады. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сонымен бірге Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
وَقَطَّعْنَاهُمْ فِي الْأَرْضِ أُمَمًا ۖ مِنْهُمُ الصَّالِحُونَ وَمِنْهُمْ دُونَ ذَٰلِكَ ۖ وَبَلَوْنَاهُمْ بِالْحَسَنَاتِ وَالسَّيِّئَاتِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Біз оларды исраилдықтарды топтарға бөліп, жер жүзіне таратып тастадық.Олардың ішінде ізгілері де бар және ондай еместері де бар. Біз оларды бойсұнуға қайтулары үшін игіліктермен және қиыншылықтармен сынадық

Choose other languages: