Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #167 Translated in Kazakh

وَاسْأَلْهُمْ عَنِ الْقَرْيَةِ الَّتِي كَانَتْ حَاضِرَةَ الْبَحْرِ إِذْ يَعْدُونَ فِي السَّبْتِ إِذْ تَأْتِيهِمْ حِيتَانُهُمْ يَوْمَ سَبْتِهِمْ شُرَّعًا وَيَوْمَ لَا يَسْبِتُونَ ۙ لَا تَأْتِيهِمْ ۚ كَذَٰلِكَ نَبْلُوهُمْ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ
Ей, Мұхаммед! Олардан теңіз маңында болған ауыл туралы сұра. Сол кезде олар сенбі күнгі тыйымға катысты шектен шығушы еді. Оларға сенбі күні балықтар ашық келіп, ал сенбі күнгі тыйымды ұстанбайтын өзге күндері келмейтін еді. Біз оларды бұзық болғандықтары бойсұнбағандықтары үшін осылай сынаймыз
وَإِذْ قَالَتْ أُمَّةٌ مِنْهُمْ لِمَ تَعِظُونَ قَوْمًا ۙ اللَّهُ مُهْلِكُهُمْ أَوْ مُعَذِّبُهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ قَالُوا مَعْذِرَةً إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ
Сол кезде олардың бір бөлігі: «Аллаһ құртатын немесе қатты азаппен азаптайтын адамдарды сендер не үшін үгіттейсіңдер?» деді. Олар. «Раббыңыздың алдында ақталуымыз үшін насихат етеміз!.Мүмкін олар Аллаһтан қорқып сақтанар», деді
فَلَمَّا نَسُوا مَا ذُكِّرُوا بِهِ أَنْجَيْنَا الَّذِينَ يَنْهَوْنَ عَنِ السُّوءِ وَأَخَذْنَا الَّذِينَ ظَلَمُوا بِعَذَابٍ بَئِيسٍ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ
Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жамандықтан қайтарушыларды құтқардық және әділетсіздік істегендерді бұзық істері үшін қатты азаппен жазаладық
فَلَمَّا عَتَوْا عَنْ مَا نُهُوا عَنْهُ قُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ
Олар өздеріне салынған тыйымнан шыққан кезде, оларға: «Жеккөрінішті маймыл болыңдар!» дедік
وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكَ لَيَبْعَثَنَّ عَلَيْهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ يَسُومُهُمْ سُوءَ الْعَذَابِ ۗ إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ الْعِقَابِ ۖ وَإِنَّهُ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Сол кезде Раббың Қайта тірілу күніне дейін оларға міндетті түрде азап тигізетіндерді жіберетінін жариялады. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сонымен бірге Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

Choose other languages: