Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #170 Translated in Kazakh

فَلَمَّا عَتَوْا عَنْ مَا نُهُوا عَنْهُ قُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ
Олар өздеріне салынған тыйымнан шыққан кезде, оларға: «Жеккөрінішті маймыл болыңдар!» дедік
وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكَ لَيَبْعَثَنَّ عَلَيْهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ يَسُومُهُمْ سُوءَ الْعَذَابِ ۗ إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ الْعِقَابِ ۖ وَإِنَّهُ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Сол кезде Раббың Қайта тірілу күніне дейін оларға міндетті түрде азап тигізетіндерді жіберетінін жариялады. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сонымен бірге Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
وَقَطَّعْنَاهُمْ فِي الْأَرْضِ أُمَمًا ۖ مِنْهُمُ الصَّالِحُونَ وَمِنْهُمْ دُونَ ذَٰلِكَ ۖ وَبَلَوْنَاهُمْ بِالْحَسَنَاتِ وَالسَّيِّئَاتِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Біз оларды исраилдықтарды топтарға бөліп, жер жүзіне таратып тастадық.Олардың ішінде ізгілері де бар және ондай еместері де бар. Біз оларды бойсұнуға қайтулары үшін игіліктермен және қиыншылықтармен сынадық
فَخَلَفَ مِنْ بَعْدِهِمْ خَلْفٌ وَرِثُوا الْكِتَابَ يَأْخُذُونَ عَرَضَ هَٰذَا الْأَدْنَىٰ وَيَقُولُونَ سَيُغْفَرُ لَنَا وَإِنْ يَأْتِهِمْ عَرَضٌ مِثْلُهُ يَأْخُذُوهُ ۚ أَلَمْ يُؤْخَذْ عَلَيْهِمْ مِيثَاقُ الْكِتَابِ أَنْ لَا يَقُولُوا عَلَى اللَّهِ إِلَّا الْحَقَّ وَدَرَسُوا مَا فِيهِ ۗ وَالدَّارُ الْآخِرَةُ خَيْرٌ لِلَّذِينَ يَتَّقُونَ ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Олардан кейін, орындарына Кітапқа мұрагер болған бір ұрпақ келді. Олар ең жақынның осы өмірдің көрінген нәрсесін алады да: «Бізге кешірім етіледі», дейді. Егер оларға осы секілді кездессе, олар оны тағы да алады. Олардан Аллаһқа қатысты шындықтан басқаны айтпаулары үшін әрі ондағыны оқып үйрену жайлы Кітапта айтылған серт алынбады ма? Соңғы, мәңгілік өмір ақирет жұрты тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
وَالَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِالْكِتَابِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ الْمُصْلِحِينَ
Ал, Кітапты ұстанып, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындар болса ақиқатында, Біз түзетушілердің игілік істеушілердің сыйларын босқа жібермейміз

Choose other languages: