Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #30 Translated in Kazakh

وَهُمْ يَنْهَوْنَ عَنْهُ وَيَنْأَوْنَ عَنْهُ ۖ وَإِنْ يُهْلِكُونَ إِلَّا أَنْفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ
Олар одан Құраннан адамдарды қайтарады әрі өздері де одан алыстайды. Негізінде, олар өздерін ғана құртады әрі оны өздері сезбейді
وَلَوْ تَرَىٰ إِذْ وُقِفُوا عَلَى النَّارِ فَقَالُوا يَا لَيْتَنَا نُرَدُّ وَلَا نُكَذِّبَ بِآيَاتِ رَبِّنَا وَنَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Қайта тірілу күні олар Оттың алдына тоқтатылған кезде, олардың: «Қап! Біз кері дүниеге қайтарылсақ еді, Раббымыздың аяттарын өтірікке шығармас едік және иманға келгендерден болар едік», деп айтқанын бір көрсең
بَلْ بَدَا لَهُمْ مَا كَانُوا يُخْفُونَ مِنْ قَبْلُ ۖ وَلَوْ رُدُّوا لَعَادُوا لِمَا نُهُوا عَنْهُ وَإِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ
Жоқ, керісінше! Олардың бұрын жасырып келгендері өздеріне әшкере болды. Егер олар дүниеге кері қайтарылғанда да, өздеріне тыйым салынғанға қайта оралар еді. Ақиқатында, олар нағыз суайттар
وَقَالُوا إِنْ هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا الدُّنْيَا وَمَا نَحْنُ بِمَبْعُوثِينَ
Олар : «Бұл өмір осы дүниелік өмірден ғана тұрады. Әрі біз қайта тірілтілмейміз», деді
وَلَوْ تَرَىٰ إِذْ وُقِفُوا عَلَىٰ رَبِّهِمْ ۚ قَالَ أَلَيْسَ هَٰذَا بِالْحَقِّ ۚ قَالُوا بَلَىٰ وَرَبِّنَا ۚ قَالَ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ
Ей, Мұхаммед! Оларды Раббысы алдында тоқтатылған кездерін көрсең еді! Сонда Ол : «Бұл шындық емес пе?» дейді. Олар : «Әлбетте, Раббымызбен ант етеміз»,-дейді. Ол: «Күпірліктерің имансыздықтарың үшін енді азапты татыңдар», дейді

Choose other languages: