Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #163 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ فَرَّقُوا دِينَهُمْ وَكَانُوا شِيَعًا لَسْتَ مِنْهُمْ فِي شَيْءٍ ۚ إِنَّمَا أَمْرُهُمْ إِلَى اللَّهِ ثُمَّ يُنَبِّئُهُمْ بِمَا كَانُوا يَفْعَلُونَ
Ақиқатында діндерін жік-жік етіп, ағымдарға бөлінгендерге сенің ешқандай қатысың жоқ. Шын мәнінде олардың ісі Аллаһта. Кейін Аллаһ оларға не істегендерінің хабарын береді
مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا ۖ وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلَا يُجْزَىٰ إِلَّا مِثْلَهَا وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Кім жақсы амалмен келсе, оған сондайдың оны еселеніп беріледі. Ал, кім бір жаман амалмен келсе, оған қайтарым жаза ретінде сондай ғана беріледі. Әрі оларға ешбір әділетсіздік жасалмайды
قُلْ إِنَّنِي هَدَانِي رَبِّي إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ دِينًا قِيَمًا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۚ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, мені Раббым тура жолға, тұп-тура дінге, ханиф Ибраһимнің дініне салып, жүргізді. Ол Ибраһим серік қосушылардан болмады», -деп
قُلْ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Айт: «Шын мәнінде, намазым, құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһ үшін
لَا شَرِيكَ لَهُ ۖ وَبِذَٰلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُسْلِمِينَ
Оның ешбір серігі жоқ. Мен осыған бұйырылдым әрі мен бойсұнушылардың мұсылмандардың алғашқысымын», деп

Choose other languages: