Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #164 Translated in Kazakh

مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا ۖ وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلَا يُجْزَىٰ إِلَّا مِثْلَهَا وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Кім жақсы амалмен келсе, оған сондайдың оны еселеніп беріледі. Ал, кім бір жаман амалмен келсе, оған қайтарым жаза ретінде сондай ғана беріледі. Әрі оларға ешбір әділетсіздік жасалмайды
قُلْ إِنَّنِي هَدَانِي رَبِّي إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ دِينًا قِيَمًا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۚ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, мені Раббым тура жолға, тұп-тура дінге, ханиф Ибраһимнің дініне салып, жүргізді. Ол Ибраһим серік қосушылардан болмады», -деп
قُلْ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Айт: «Шын мәнінде, намазым, құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһ үшін
لَا شَرِيكَ لَهُ ۖ وَبِذَٰلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُسْلِمِينَ
Оның ешбір серігі жоқ. Мен осыған бұйырылдым әрі мен бойсұнушылардың мұсылмандардың алғашқысымын», деп
قُلْ أَغَيْرَ اللَّهِ أَبْغِي رَبًّا وَهُوَ رَبُّ كُلِّ شَيْءٍ ۚ وَلَا تَكْسِبُ كُلُّ نَفْسٍ إِلَّا عَلَيْهَا ۚ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٌ وِزْرَ أُخْرَىٰ ۚ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمْ مَرْجِعُكُمْ فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ
Айт: «Аллаһ барлық нәрсенің Раббысы бола тұра, Одан басқаны Раббы Ие ретінде іздейін бе?» деп. Әрбір жанның істеген зияны өзіне ғана. Бір де біреу басқа біреудің жүгін күнәсін көтермейді. Ал кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді

Choose other languages: