Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #133 Translated in Kazakh

وَكَذَٰلِكَ نُوَلِّي بَعْضَ الظَّالِمِينَ بَعْضًا بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Жасаған күнәлі істері үшін әділетсіздерді бір-біріне осылай үстем етіп қоямыз
يَا مَعْشَرَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ أَلَمْ يَأْتِكُمْ رُسُلٌ مِنْكُمْ يَقُصُّونَ عَلَيْكُمْ آيَاتِي وَيُنْذِرُونَكُمْ لِقَاءَ يَوْمِكُمْ هَٰذَا ۚ قَالُوا شَهِدْنَا عَلَىٰ أَنْفُسِنَا ۖ وَغَرَّتْهُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا وَشَهِدُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ أَنَّهُمْ كَانُوا كَافِرِينَ
«Ей, жын және адамдар тобы! Сендерге өздеріңнен Менің аяттарымды баян ететін әрі сендерді осы күндеріңе жолығудан сақтандыратын елшілер келмеді ме?» деп айтылады . Олар: «Біз өзімізге қарсы, өзіміз куәлік етеміз», дейді. Оларды осы өмір алдады. Олар өздерінің кәпір болғандарына куә болды
ذَٰلِكَ أَنْ لَمْ يَكُنْ رَبُّكَ مُهْلِكَ الْقُرَىٰ بِظُلْمٍ وَأَهْلُهَا غَافِلُونَ
Мұның себебі Раббың тұрғындары хабарсыз болған елді мекендерді әділетсіздікпен жоймайды
وَلِكُلٍّ دَرَجَاتٌ مِمَّا عَمِلُوا ۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَافِلٍ عَمَّا يَعْمَلُونَ
Әркімге жасаған амалдарына қарай дәрежелер бар. Раббың олардың не істеп жатқандарынан ғапыл аңдамай қалушы емес
وَرَبُّكَ الْغَنِيُّ ذُو الرَّحْمَةِ ۚ إِنْ يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ وَيَسْتَخْلِفْ مِنْ بَعْدِكُمْ مَا يَشَاءُ كَمَا أَنْشَأَكُمْ مِنْ ذُرِّيَّةِ قَوْمٍ آخَرِينَ
Раббың әл-Ғани өте Бай , мейірім Иесі. Егер қаласа, өздеріңді басқа адамдардың ұрпақтарынан пайда қылғандай, сендерді кетіріп, кейін орындарыңа Өзі қалағанын келтіреді

Choose other languages: