Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #136 Translated in Kazakh

وَلِكُلٍّ دَرَجَاتٌ مِمَّا عَمِلُوا ۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَافِلٍ عَمَّا يَعْمَلُونَ
Әркімге жасаған амалдарына қарай дәрежелер бар. Раббың олардың не істеп жатқандарынан ғапыл аңдамай қалушы емес
وَرَبُّكَ الْغَنِيُّ ذُو الرَّحْمَةِ ۚ إِنْ يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ وَيَسْتَخْلِفْ مِنْ بَعْدِكُمْ مَا يَشَاءُ كَمَا أَنْشَأَكُمْ مِنْ ذُرِّيَّةِ قَوْمٍ آخَرِينَ
Раббың әл-Ғани өте Бай , мейірім Иесі. Егер қаласа, өздеріңді басқа адамдардың ұрпақтарынан пайда қылғандай, сендерді кетіріп, кейін орындарыңа Өзі қалағанын келтіреді
إِنَّ مَا تُوعَدُونَ لَآتٍ ۖ وَمَا أَنْتُمْ بِمُعْجِزِينَ
Ақиқатында, сендерге уәде етіліп жатқан Қиямет міндетті түрде келеді. Сендер Аллаһты әлсірете алмайсыңдар
قُلْ يَا قَوْمِ اعْمَلُوا عَلَىٰ مَكَانَتِكُمْ إِنِّي عَامِلٌ ۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ مَنْ تَكُونُ لَهُ عَاقِبَةُ الدَّارِ ۗ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الظَّالِمُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Әй, елім! Осы жағдайларыңда ақиқатқа қарсы келулеріңде әрекет жасай беріңдер, мен де әрекет жасаймын. Жақында соңғы тұрақ кімдікі болатынын білесіңдер. Анығында, әділетсіздер жетістікке жетпейді», деп
وَجَعَلُوا لِلَّهِ مِمَّا ذَرَأَ مِنَ الْحَرْثِ وَالْأَنْعَامِ نَصِيبًا فَقَالُوا هَٰذَا لِلَّهِ بِزَعْمِهِمْ وَهَٰذَا لِشُرَكَائِنَا ۖ فَمَا كَانَ لِشُرَكَائِهِمْ فَلَا يَصِلُ إِلَى اللَّهِ ۖ وَمَا كَانَ لِلَّهِ فَهُوَ يَصِلُ إِلَىٰ شُرَكَائِهِمْ ۗ سَاءَ مَا يَحْكُمُونَ
Олар Аллаһқа, Оның Өзі жаратқан егін мен малдардан үлес ажыратып, жалаң ойларымен: «бұл Аллаһқа, ал бұл серіктерімізге», деді. Серік еткендеріне арналғанды Аллаһқа деп бөлген үлестеріне қоспай, ал Аллаһқа арналғанды серік еткендерінің үлестеріне қоса беретін. Олардың ұйғарғандары неткен жаман

Choose other languages: