Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #119 Translated in Kazakh

وَتَمَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ صِدْقًا وَعَدْلًا ۚ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَاتِهِ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Раббыңның сөзі шындықпен және әділдігімен кемел болған. Оның сөздерін өзгертуші жоқ. Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші
وَإِنْ تُطِعْ أَكْثَرَ مَنْ فِي الْأَرْضِ يُضِلُّوكَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۚ إِنْ يَتَّبِعُونَ إِلَّا الظَّنَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ
Егер сен жер бетіндегілердің көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар болжамға ғана ереді. Әрі олар тек өтірік айтады
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ مَنْ يَضِلُّ عَنْ سَبِيلِهِ ۖ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ
Ақиқатында, Раббың Өз жолынан кімнің адасатынын жақсы біледі. Әрі Ол кімнің тура жолмен жүретінін жақсы біледі
فَكُلُوا مِمَّا ذُكِرَ اسْمُ اللَّهِ عَلَيْهِ إِنْ كُنْتُمْ بِآيَاتِهِ مُؤْمِنِينَ
Егер Оның Аллаһтың аяттарына сенуші болсаңдар, Аллаһтың есімі аталған бисмиллаһ деп, сойылған нәрселерден жендер
وَمَا لَكُمْ أَلَّا تَأْكُلُوا مِمَّا ذُكِرَ اسْمُ اللَّهِ عَلَيْهِ وَقَدْ فَصَّلَ لَكُمْ مَا حَرَّمَ عَلَيْكُمْ إِلَّا مَا اضْطُرِرْتُمْ إِلَيْهِ ۗ وَإِنَّ كَثِيرًا لَيُضِلُّونَ بِأَهْوَائِهِمْ بِغَيْرِ عِلْمٍ ۗ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِالْمُعْتَدِينَ
Аллаһтың есімі аталғанды жемейтіндей сендерге не болды? Ол сендерге, егер жеуге мәжбүр болмасаңдар, ненің тыйым салынғанын харам етілгенін анықтап түсіндірді. Әрі ақиқатында, көпшілік ешбір білімсіз өздерінің көңіл құмарлықтарына еріп өзгелерді адастырады. Анығында, Раббың шектен шығушыларды жақсы біледі

Choose other languages: