Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #118 Translated in Kazakh

أَفَغَيْرَ اللَّهِ أَبْتَغِي حَكَمًا وَهُوَ الَّذِي أَنْزَلَ إِلَيْكُمُ الْكِتَابَ مُفَصَّلًا ۚ وَالَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْلَمُونَ أَنَّهُ مُنَزَّلٌ مِنْ رَبِّكَ بِالْحَقِّ ۖ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُمْتَرِينَ
Ей, Мұхаммед!!. «Ол сендерге анық түсіндірілген Кітапты Құранды түсірген болса да Аллаһтан өзгені төреші етуді қалайын ба?» де. Ал, Бізден Кітап берілгендер иудей, христиандар , оның Құранның Раббыңнан ақиқатпен түсірілгенін біледі. Сен мүлде, күмәнданушылардан болма
وَتَمَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ صِدْقًا وَعَدْلًا ۚ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَاتِهِ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Раббыңның сөзі шындықпен және әділдігімен кемел болған. Оның сөздерін өзгертуші жоқ. Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші
وَإِنْ تُطِعْ أَكْثَرَ مَنْ فِي الْأَرْضِ يُضِلُّوكَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۚ إِنْ يَتَّبِعُونَ إِلَّا الظَّنَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ
Егер сен жер бетіндегілердің көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар болжамға ғана ереді. Әрі олар тек өтірік айтады
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ مَنْ يَضِلُّ عَنْ سَبِيلِهِ ۖ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ
Ақиқатында, Раббың Өз жолынан кімнің адасатынын жақсы біледі. Әрі Ол кімнің тура жолмен жүретінін жақсы біледі
فَكُلُوا مِمَّا ذُكِرَ اسْمُ اللَّهِ عَلَيْهِ إِنْ كُنْتُمْ بِآيَاتِهِ مُؤْمِنِينَ
Егер Оның Аллаһтың аяттарына сенуші болсаңдар, Аллаһтың есімі аталған бисмиллаһ деп, сойылған нәрселерден жендер

Choose other languages: