Surah Aal-E-Imran Ayahs #165 Translated in Kazakh
وَمَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَنْ يَغُلَّ ۚ وَمَنْ يَغْلُلْ يَأْتِ بِمَا غَلَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۚ ثُمَّ تُوَفَّىٰ كُلُّ نَفْسٍ مَا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Ешбір пайғамбарға олжаны өтірікпен өзіне иемденіп алу лайық емес. Ал, кім өтірікпен алып иемденген болса, Қайта тірілу күні сол алғанымен келеді. Содан кейін әрбір жанға әділетсіздік етілмей, тапқаны толық беріледі
أَفَمَنِ اتَّبَعَ رِضْوَانَ اللَّهِ كَمَنْ بَاءَ بِسَخَطٍ مِنَ اللَّهِ وَمَأْوَاهُ جَهَنَّمُ ۚ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Аллаһтың разы болғанына еруші адам Аллаһтың ашуына ұшырап, тұрағы Жаһаннам болған біреу секілді ме? Ал ол баратын жер қандай жаман
هُمْ دَرَجَاتٌ عِنْدَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ
Олар Аллаһтың алдында түрлі дәрежелерде. Әрі Аллаһ олардың не істеп жатқанын Көруші
لَقَدْ مَنَّ اللَّهُ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ إِذْ بَعَثَ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْ أَنْفُسِهِمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَإِنْ كَانُوا مِنْ قَبْلُ لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Ақиқатында, Аллаһ имандыларға мүміндерге Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты сүннетті үйрететін өз іштерінен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді
أَوَلَمَّا أَصَابَتْكُمْ مُصِيبَةٌ قَدْ أَصَبْتُمْ مِثْلَيْهَا قُلْتُمْ أَنَّىٰ هَٰذَا ۖ قُلْ هُوَ مِنْ عِنْدِ أَنْفُسِكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Сендер Ұхудта бір қиындыққа ұшырағанкездеріңде, бұрын өздерің оларды Бәдірде бұдан екі есе қиындыққа ұшыратқан бола тұрып: «Бұл жеңіліс қай- дан келді?» демедіңдер ме? Ей, Мұхаммед! Айт: «Бұл өздеріңнен» деп. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
