Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #164 Translated in Kazakh

إِنْ يَنْصُرْكُمُ اللَّهُ فَلَا غَالِبَ لَكُمْ ۖ وَإِنْ يَخْذُلْكُمْ فَمَنْ ذَا الَّذِي يَنْصُرُكُمْ مِنْ بَعْدِهِ ۗ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Егер Аллаһ сендерге жәрдем берсе, сендерді ешкім жеңе алмайды. Ал, егер, сендерді көмексіз қалдырса, Одан кейін сендерге жәрдем беретін кім бар? Имандылар мүміндер Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын тәуекел етсін
وَمَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَنْ يَغُلَّ ۚ وَمَنْ يَغْلُلْ يَأْتِ بِمَا غَلَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۚ ثُمَّ تُوَفَّىٰ كُلُّ نَفْسٍ مَا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Ешбір пайғамбарға олжаны өтірікпен өзіне иемденіп алу лайық емес. Ал, кім өтірікпен алып иемденген болса, Қайта тірілу күні сол алғанымен келеді. Содан кейін әрбір жанға әділетсіздік етілмей, тапқаны толық беріледі
أَفَمَنِ اتَّبَعَ رِضْوَانَ اللَّهِ كَمَنْ بَاءَ بِسَخَطٍ مِنَ اللَّهِ وَمَأْوَاهُ جَهَنَّمُ ۚ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Аллаһтың разы болғанына еруші адам Аллаһтың ашуына ұшырап, тұрағы Жаһаннам болған біреу секілді ме? Ал ол баратын жер қандай жаман
هُمْ دَرَجَاتٌ عِنْدَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ
Олар Аллаһтың алдында түрлі дәрежелерде. Әрі Аллаһ олардың не істеп жатқанын Көруші
لَقَدْ مَنَّ اللَّهُ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ إِذْ بَعَثَ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْ أَنْفُسِهِمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَإِنْ كَانُوا مِنْ قَبْلُ لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Ақиқатында, Аллаһ имандыларға мүміндерге Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты сүннетті үйрететін өз іштерінен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді

Choose other languages: