Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #166 Translated in Kazakh

أَفَمَنِ اتَّبَعَ رِضْوَانَ اللَّهِ كَمَنْ بَاءَ بِسَخَطٍ مِنَ اللَّهِ وَمَأْوَاهُ جَهَنَّمُ ۚ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Аллаһтың разы болғанына еруші адам Аллаһтың ашуына ұшырап, тұрағы Жаһаннам болған біреу секілді ме? Ал ол баратын жер қандай жаман
هُمْ دَرَجَاتٌ عِنْدَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ
Олар Аллаһтың алдында түрлі дәрежелерде. Әрі Аллаһ олардың не істеп жатқанын Көруші
لَقَدْ مَنَّ اللَّهُ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ إِذْ بَعَثَ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْ أَنْفُسِهِمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَإِنْ كَانُوا مِنْ قَبْلُ لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Ақиқатында, Аллаһ имандыларға мүміндерге Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты сүннетті үйрететін өз іштерінен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді
أَوَلَمَّا أَصَابَتْكُمْ مُصِيبَةٌ قَدْ أَصَبْتُمْ مِثْلَيْهَا قُلْتُمْ أَنَّىٰ هَٰذَا ۖ قُلْ هُوَ مِنْ عِنْدِ أَنْفُسِكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Сендер Ұхудта бір қиындыққа ұшырағанкездеріңде, бұрын өздерің олар­ды Бәдірде бұдан екі есе қиындыққа ұшыратқан бола тұрып: «Бұл жеңіліс қай- дан келді?» демедіңдер ме? Ей, Мұхаммед! Айт: «Бұл өздеріңнен» деп. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
وَمَا أَصَابَكُمْ يَوْمَ الْتَقَى الْجَمْعَانِ فَبِإِذْنِ اللَّهِ وَلِيَعْلَمَ الْمُؤْمِنِينَ
Әрі екі топ бетпе-бет келген күні сендердің бастарыңа түскен нәрсе Аллаһтың рұқсатымен және имандыларды білу үшін болды

Choose other languages: