Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #109 Translated in Kazakh

وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ تَفَرَّقُوا وَاخْتَلَفُوا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْبَيِّنَاتُ ۚ وَأُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, қайшылыққа түскен біреулер секілді болмаңдар. Міне, соларға өте үлкен азап бар
يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ ۚ فَأَمَّا الَّذِينَ اسْوَدَّتْ وُجُوهُهُمْ أَكَفَرْتُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ
Ол күні кейбір жүздер ағарып, кейбір жүздер қараяды. Жүздері қарайып кеткендерге: «Сендер иманға келгендеріңнен кейін күпірлік еттіңдер ме иманды теріске шығардыңдар ма ? Енді күпірлік еткендерің үшін азапты татыңдар»,- делінеді
وَأَمَّا الَّذِينَ ابْيَضَّتْ وُجُوهُهُمْ فَفِي رَحْمَةِ اللَّهِ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, жүздері ағарғандар, Аллаһтың мейірімінде болып, онда мәңгі қалады
تِلْكَ آيَاتُ اللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِالْحَقِّ ۗ وَمَا اللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِلْعَالَمِينَ
Ей, Мұхаммед! Міне, осы Аллаһтың аяттары. Біз оны саған ақиқатпен оқимыз. Аллаһ әлемдерге бүкіл жаратылыстарға әділетсіздікті қаламайды
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ
Әрі аспандағылар мен жердегілер Аллаһтікі және барлық істер Аллаһқа қайтарылады

Choose other languages: