Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #108 Translated in Kazakh

وَلْتَكُنْ مِنْكُمْ أُمَّةٌ يَدْعُونَ إِلَى الْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ ۚ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Сендердің араларыңда жақсылыққа қайырлы іске шақыратын, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтаратын бір топ болсын. Міне, солар мұратына жетушілер
وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ تَفَرَّقُوا وَاخْتَلَفُوا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْبَيِّنَاتُ ۚ وَأُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, қайшылыққа түскен біреулер секілді болмаңдар. Міне, соларға өте үлкен азап бар
يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ ۚ فَأَمَّا الَّذِينَ اسْوَدَّتْ وُجُوهُهُمْ أَكَفَرْتُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ
Ол күні кейбір жүздер ағарып, кейбір жүздер қараяды. Жүздері қарайып кеткендерге: «Сендер иманға келгендеріңнен кейін күпірлік еттіңдер ме иманды теріске шығардыңдар ма ? Енді күпірлік еткендерің үшін азапты татыңдар»,- делінеді
وَأَمَّا الَّذِينَ ابْيَضَّتْ وُجُوهُهُمْ فَفِي رَحْمَةِ اللَّهِ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, жүздері ағарғандар, Аллаһтың мейірімінде болып, онда мәңгі қалады
تِلْكَ آيَاتُ اللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِالْحَقِّ ۗ وَمَا اللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِلْعَالَمِينَ
Ей, Мұхаммед! Міне, осы Аллаһтың аяттары. Біз оны саған ақиқатпен оқимыз. Аллаһ әлемдерге бүкіл жаратылыстарға әділетсіздікті қаламайды

Choose other languages: