Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #111 Translated in Kazakh

وَأَمَّا الَّذِينَ ابْيَضَّتْ وُجُوهُهُمْ فَفِي رَحْمَةِ اللَّهِ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, жүздері ағарғандар, Аллаһтың мейірімінде болып, онда мәңгі қалады
تِلْكَ آيَاتُ اللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِالْحَقِّ ۗ وَمَا اللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِلْعَالَمِينَ
Ей, Мұхаммед! Міне, осы Аллаһтың аяттары. Біз оны саған ақиқатпен оқимыз. Аллаһ әлемдерге бүкіл жаратылыстарға әділетсіздікті қаламайды
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ
Әрі аспандағылар мен жердегілер Аллаһтікі және барлық істер Аллаһқа қайтарылады
كُنْتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ ۗ وَلَوْ آمَنَ أَهْلُ الْكِتَابِ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ ۚ مِنْهُمُ الْمُؤْمِنُونَ وَأَكْثَرُهُمُ الْفَاسِقُونَ
Сендер адамдар үшін шығарылған ең қайырлы үммет болдыңдар. Сендер құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарасыңдар және Аллаһқа сенесіңдер. Егер де Кітап берілгендер иманға келгенде, өздері үшін қайырлы болар еді. Олардың арасында иманға келгендер бар. Алайда, олардың көпшілігі бұзықтар бойсұнбаушылар
لَنْ يَضُرُّوكُمْ إِلَّا أَذًى ۖ وَإِنْ يُقَاتِلُوكُمْ يُوَلُّوكُمُ الْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يُنْصَرُونَ
Олар сендерге азар беруден ренжітуден басқа ешбір зиян тигізе алмайды. Ал, егер сендермен соғысса, арттарына бұрылады. Содан кейін оларға жәрдем берілмейді

Choose other languages: