Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #112 Translated in Kazakh

تِلْكَ آيَاتُ اللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِالْحَقِّ ۗ وَمَا اللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِلْعَالَمِينَ
Ей, Мұхаммед! Міне, осы Аллаһтың аяттары. Біз оны саған ақиқатпен оқимыз. Аллаһ әлемдерге бүкіл жаратылыстарға әділетсіздікті қаламайды
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ
Әрі аспандағылар мен жердегілер Аллаһтікі және барлық істер Аллаһқа қайтарылады
كُنْتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ ۗ وَلَوْ آمَنَ أَهْلُ الْكِتَابِ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ ۚ مِنْهُمُ الْمُؤْمِنُونَ وَأَكْثَرُهُمُ الْفَاسِقُونَ
Сендер адамдар үшін шығарылған ең қайырлы үммет болдыңдар. Сендер құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарасыңдар және Аллаһқа сенесіңдер. Егер де Кітап берілгендер иманға келгенде, өздері үшін қайырлы болар еді. Олардың арасында иманға келгендер бар. Алайда, олардың көпшілігі бұзықтар бойсұнбаушылар
لَنْ يَضُرُّوكُمْ إِلَّا أَذًى ۖ وَإِنْ يُقَاتِلُوكُمْ يُوَلُّوكُمُ الْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يُنْصَرُونَ
Олар сендерге азар беруден ренжітуден басқа ешбір зиян тигізе алмайды. Ал, егер сендермен соғысса, арттарына бұрылады. Содан кейін оларға жәрдем берілмейді
ضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ الذِّلَّةُ أَيْنَ مَا ثُقِفُوا إِلَّا بِحَبْلٍ مِنَ اللَّهِ وَحَبْلٍ مِنَ النَّاسِ وَبَاءُوا بِغَضَبٍ مِنَ اللَّهِ وَضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ الْمَسْكَنَةُ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَانُوا يَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَيَقْتُلُونَ الْأَنْبِيَاءَ بِغَيْرِ حَقٍّ ۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ
Олар Аллаһтың жібімен қорғауымен болмаса және адамдардың жібімен келісімі аясында болмаса, қай жерде табылса да қорлыққа ұшыратылды. Әрі олар Аллаһтың ашуына тап болып, жоқшылыққа ұшыратылды. Бұл олардың Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері мойындамаулары, қарсы келулері және өлтіруге құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері себепті. Әрі бұл олардың бойсұнбаулары және шектен шыққандықтары үшін

Choose other languages: