Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #107 Translated in Kazakh

وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا ۚ وَاذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا وَكُنْتُمْ عَلَىٰ شَفَا حُفْرَةٍ مِنَ النَّارِ فَأَنْقَذَكُمْ مِنْهَا ۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
Барлығың Аллаһтың арқанынан ай­рылмай ұстаңдар әрі бөлінбеңдер. Сондай-ақ, Аллаһтың өздеріңе берген игілігін еске алыңдар, сендер бір-біріңе жау болған кездеріңде, Ол жүректеріңнің арасын жарастырып, Оның игілігімен бауырларға айналдыңдар. Әрі сендер бір От тозақ шыңырауының ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды. Сендер тура жолмен жүрулерің үшін Аллаһ сендерге Өз аяттарын осылай түсіндіреді
وَلْتَكُنْ مِنْكُمْ أُمَّةٌ يَدْعُونَ إِلَى الْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ ۚ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Сендердің араларыңда жақсылыққа қайырлы іске шақыратын, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтаратын бір топ болсын. Міне, солар мұратына жетушілер
وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ تَفَرَّقُوا وَاخْتَلَفُوا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْبَيِّنَاتُ ۚ وَأُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, қайшылыққа түскен біреулер секілді болмаңдар. Міне, соларға өте үлкен азап бар
يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ ۚ فَأَمَّا الَّذِينَ اسْوَدَّتْ وُجُوهُهُمْ أَكَفَرْتُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ
Ол күні кейбір жүздер ағарып, кейбір жүздер қараяды. Жүздері қарайып кеткендерге: «Сендер иманға келгендеріңнен кейін күпірлік еттіңдер ме иманды теріске шығардыңдар ма ? Енді күпірлік еткендерің үшін азапты татыңдар»,- делінеді
وَأَمَّا الَّذِينَ ابْيَضَّتْ وُجُوهُهُمْ فَفِي رَحْمَةِ اللَّهِ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, жүздері ағарғандар, Аллаһтың мейірімінде болып, онда мәңгі қалады

Choose other languages: