Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #65 Translated in Kazakh

وَمَا تَكُونُ فِي شَأْنٍ وَمَا تَتْلُو مِنْهُ مِنْ قُرْآنٍ وَلَا تَعْمَلُونَ مِنْ عَمَلٍ إِلَّا كُنَّا عَلَيْكُمْ شُهُودًا إِذْ تُفِيضُونَ فِيهِ ۚ وَمَا يَعْزُبُ عَنْ رَبِّكَ مِنْ مِثْقَالِ ذَرَّةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ وَلَا أَصْغَرَ مِنْ ذَٰلِكَ وَلَا أَكْبَرَ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ
Ей, Мұхаммед! Сен қандай да бір істе болсаң не Құраннан оқысаң немесе сендер бір амал жасасандар, оны орындап жатқан кездеріңде, әлбетте, Біз сендерге куә болып тұрамыз. Жердегі және аспандағы заттың ең кішкентай бөлігі де Раббыңнан жасырын қалмайды. Әрі одан кіші болсын не үлкені болсын барлығы анық бір Кітапта
أَلَا إِنَّ أَوْلِيَاءَ اللَّهِ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Біліңдер! Ақиқатында, Аллаһқа жақын болғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ
Олар иманға келген және тақуалық еткендер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар
لَهُمُ الْبُشْرَىٰ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الْآخِرَةِ ۚ لَا تَبْدِيلَ لِكَلِمَاتِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Оларға осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте сүйінішті хабар бар. Аллаһтың сөздері өзгермейді. Міне, осы -ұлы жетістік
وَلَا يَحْزُنْكَ قَوْلُهُمْ ۘ إِنَّ الْعِزَّةَ لِلَّهِ جَمِيعًا ۚ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ей, Мұхаммед! Олардың сөзі сені қайғыға салмасын. Ақиқатында, бүкіл үстемдік Аллаһқа тән. Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші

Choose other languages: