Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #67 Translated in Kazakh

الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ
Олар иманға келген және тақуалық еткендер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар
لَهُمُ الْبُشْرَىٰ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الْآخِرَةِ ۚ لَا تَبْدِيلَ لِكَلِمَاتِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Оларға осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте сүйінішті хабар бар. Аллаһтың сөздері өзгермейді. Міне, осы -ұлы жетістік
وَلَا يَحْزُنْكَ قَوْلُهُمْ ۘ إِنَّ الْعِزَّةَ لِلَّهِ جَمِيعًا ۚ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ей, Мұхаммед! Олардың сөзі сені қайғыға салмасын. Ақиқатында, бүкіл үстемдік Аллаһқа тән. Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші
أَلَا إِنَّ لِلَّهِ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ ۗ وَمَا يَتَّبِعُ الَّذِينَ يَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ شُرَكَاءَ ۚ إِنْ يَتَّبِعُونَ إِلَّا الظَّنَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ
Біліңдер! Ақиқатында, аспандардағы және жердегі әркім де Аллаһтікі. Аллаһтан өзгені Оған серік етіп шақыратындар не нәрсеге ереді? Олар ой жорамалдарына ғана ереді әрі олар тек өтірікті ғана айтады
هُوَ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ اللَّيْلَ لِتَسْكُنُوا فِيهِ وَالنَّهَارَ مُبْصِرًا ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَسْمَعُونَ
Ол сендерге түнді тынығуларың үшін, ал күндізді көретін жарық етіп жасаған. Ақиқатында, Мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар

Choose other languages: