Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #68 Translated in Kazakh

لَهُمُ الْبُشْرَىٰ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الْآخِرَةِ ۚ لَا تَبْدِيلَ لِكَلِمَاتِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Оларға осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте сүйінішті хабар бар. Аллаһтың сөздері өзгермейді. Міне, осы -ұлы жетістік
وَلَا يَحْزُنْكَ قَوْلُهُمْ ۘ إِنَّ الْعِزَّةَ لِلَّهِ جَمِيعًا ۚ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ей, Мұхаммед! Олардың сөзі сені қайғыға салмасын. Ақиқатында, бүкіл үстемдік Аллаһқа тән. Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші
أَلَا إِنَّ لِلَّهِ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ ۗ وَمَا يَتَّبِعُ الَّذِينَ يَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ شُرَكَاءَ ۚ إِنْ يَتَّبِعُونَ إِلَّا الظَّنَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ
Біліңдер! Ақиқатында, аспандардағы және жердегі әркім де Аллаһтікі. Аллаһтан өзгені Оған серік етіп шақыратындар не нәрсеге ереді? Олар ой жорамалдарына ғана ереді әрі олар тек өтірікті ғана айтады
هُوَ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ اللَّيْلَ لِتَسْكُنُوا فِيهِ وَالنَّهَارَ مُبْصِرًا ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَسْمَعُونَ
Ол сендерге түнді тынығуларың үшін, ал күндізді көретін жарық етіп жасаған. Ақиқатында, Мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар
قَالُوا اتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا ۗ سُبْحَانَهُ ۖ هُوَ الْغَنِيُّ ۖ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ إِنْ عِنْدَكُمْ مِنْ سُلْطَانٍ بِهَٰذَا ۚ أَتَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Олар: «Аллаһ өзіне бала алды», деді. Ол барлық кемшіліктен пәк. Ол әл- Ғани бай, еш нәрсеге мұқтаж емес . Аспандардағы және жердегілердің барлығы Онікі. Сендерде бұған Аллаһтың бала иемденуіне ешбір дәлел жоқ. Сендер Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрсені айтасыңдар ма

Choose other languages: