Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #64 Translated in Kazakh

وَمَا ظَنُّ الَّذِينَ يَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى النَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَشْكُرُونَ
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастыратындардың Қайта тірілу күні туралы не жорамалдары бар? Ақиқатында, Аллаһ -адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкір етпейді Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
وَمَا تَكُونُ فِي شَأْنٍ وَمَا تَتْلُو مِنْهُ مِنْ قُرْآنٍ وَلَا تَعْمَلُونَ مِنْ عَمَلٍ إِلَّا كُنَّا عَلَيْكُمْ شُهُودًا إِذْ تُفِيضُونَ فِيهِ ۚ وَمَا يَعْزُبُ عَنْ رَبِّكَ مِنْ مِثْقَالِ ذَرَّةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ وَلَا أَصْغَرَ مِنْ ذَٰلِكَ وَلَا أَكْبَرَ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ
Ей, Мұхаммед! Сен қандай да бір істе болсаң не Құраннан оқысаң немесе сендер бір амал жасасандар, оны орындап жатқан кездеріңде, әлбетте, Біз сендерге куә болып тұрамыз. Жердегі және аспандағы заттың ең кішкентай бөлігі де Раббыңнан жасырын қалмайды. Әрі одан кіші болсын не үлкені болсын барлығы анық бір Кітапта
أَلَا إِنَّ أَوْلِيَاءَ اللَّهِ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Біліңдер! Ақиқатында, Аллаһқа жақын болғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ
Олар иманға келген және тақуалық еткендер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар
لَهُمُ الْبُشْرَىٰ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الْآخِرَةِ ۚ لَا تَبْدِيلَ لِكَلِمَاتِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Оларға осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте сүйінішті хабар бар. Аллаһтың сөздері өзгермейді. Міне, осы -ұлы жетістік

Choose other languages: