Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #49 Translated in Kazakh

وَنَادَىٰ نُوحٌ رَبَّهُ فَقَالَ رَبِّ إِنَّ ابْنِي مِنْ أَهْلِي وَإِنَّ وَعْدَكَ الْحَقُّ وَأَنْتَ أَحْكَمُ الْحَاكِمِينَ
Сонда Нұх Раббысына үндеп: «Раббым! Ұлым менің үй-ішімнен. Сенің уәдең хақ. Әрі Сен ең әділ үкім етушісің», деді
قَالَ يَا نُوحُ إِنَّهُ لَيْسَ مِنْ أَهْلِكَ ۖ إِنَّهُ عَمَلٌ غَيْرُ صَالِحٍ ۖ فَلَا تَسْأَلْنِ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ ۖ إِنِّي أَعِظُكَ أَنْ تَكُونَ مِنَ الْجَاهِلِينَ
Ол Аллаһ : «Ей, Нұх! Ол сенің үй-ішіңнен емес. Анығында, бұл түзу амал емес. Сондықтан өзіңде білімі болмаған нәрсе туралы Менен сұрама. Мен саған надандардан болмауды насихат етемін», деді
قَالَ رَبِّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ أَنْ أَسْأَلَكَ مَا لَيْسَ لِي بِهِ عِلْمٌ ۖ وَإِلَّا تَغْفِرْ لِي وَتَرْحَمْنِي أَكُنْ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Ол Нұх : «Раббым! Өзім білмеген нәрсенісұраудан Өзіңе сыйынып, қорғауыңды тілеймін. Егер мені кешірмесең және маған рақым етпесең, зиян көрушілерден боламын», деді
قِيلَ يَا نُوحُ اهْبِطْ بِسَلَامٍ مِنَّا وَبَرَكَاتٍ عَلَيْكَ وَعَلَىٰ أُمَمٍ مِمَّنْ مَعَكَ ۚ وَأُمَمٌ سَنُمَتِّعُهُمْ ثُمَّ يَمَسُّهُمْ مِنَّا عَذَابٌ أَلِيمٌ
«Ей, Нұх! Бізден болған амандықпен және саған әрі сенімен бірге болған үмметтерге арналған берекелермен түс! Ал, өзге кәпір қауымдарды дүниеде пайдаландырамыз да кейін оларға Бізден бір қинаушы азап тиеді», делінді
تِلْكَ مِنْ أَنْبَاءِ الْغَيْبِ نُوحِيهَا إِلَيْكَ ۖ مَا كُنْتَ تَعْلَمُهَا أَنْتَ وَلَا قَوْمُكَ مِنْ قَبْلِ هَٰذَا ۖ فَاصْبِرْ ۖ إِنَّ الْعَاقِبَةَ لِلْمُتَّقِينَ
Ей, Мұхаммед! Міне, осы ғайып хабарлардан, оны саған уахи етеміз. Бұдан бұрын сен де, қауымың да, бұл туралы білмеген едіңдер. Ендеше, сабыр ет, анығында соңғы нәтиже тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар үшін

Choose other languages: