Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #48 Translated in Kazakh

وَقِيلَ يَا أَرْضُ ابْلَعِي مَاءَكِ وَيَا سَمَاءُ أَقْلِعِي وَغِيضَ الْمَاءُ وَقُضِيَ الْأَمْرُ وَاسْتَوَتْ عَلَى الْجُودِيِّ ۖ وَقِيلَ بُعْدًا لِلْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Кейін : «Ей, жер! Суынды жұт! Ей, Аспан! Тоқтат!» делінді. Сөйтіп су тартылып, әмір орындалды. Ол кеме Жуди тауына тоқтады. Сонда: «Әділетсіз адамдар Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын!» делінді
وَنَادَىٰ نُوحٌ رَبَّهُ فَقَالَ رَبِّ إِنَّ ابْنِي مِنْ أَهْلِي وَإِنَّ وَعْدَكَ الْحَقُّ وَأَنْتَ أَحْكَمُ الْحَاكِمِينَ
Сонда Нұх Раббысына үндеп: «Раббым! Ұлым менің үй-ішімнен. Сенің уәдең хақ. Әрі Сен ең әділ үкім етушісің», деді
قَالَ يَا نُوحُ إِنَّهُ لَيْسَ مِنْ أَهْلِكَ ۖ إِنَّهُ عَمَلٌ غَيْرُ صَالِحٍ ۖ فَلَا تَسْأَلْنِ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ ۖ إِنِّي أَعِظُكَ أَنْ تَكُونَ مِنَ الْجَاهِلِينَ
Ол Аллаһ : «Ей, Нұх! Ол сенің үй-ішіңнен емес. Анығында, бұл түзу амал емес. Сондықтан өзіңде білімі болмаған нәрсе туралы Менен сұрама. Мен саған надандардан болмауды насихат етемін», деді
قَالَ رَبِّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ أَنْ أَسْأَلَكَ مَا لَيْسَ لِي بِهِ عِلْمٌ ۖ وَإِلَّا تَغْفِرْ لِي وَتَرْحَمْنِي أَكُنْ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Ол Нұх : «Раббым! Өзім білмеген нәрсенісұраудан Өзіңе сыйынып, қорғауыңды тілеймін. Егер мені кешірмесең және маған рақым етпесең, зиян көрушілерден боламын», деді
قِيلَ يَا نُوحُ اهْبِطْ بِسَلَامٍ مِنَّا وَبَرَكَاتٍ عَلَيْكَ وَعَلَىٰ أُمَمٍ مِمَّنْ مَعَكَ ۚ وَأُمَمٌ سَنُمَتِّعُهُمْ ثُمَّ يَمَسُّهُمْ مِنَّا عَذَابٌ أَلِيمٌ
«Ей, Нұх! Бізден болған амандықпен және саған әрі сенімен бірге болған үмметтерге арналған берекелермен түс! Ал, өзге кәпір қауымдарды дүниеде пайдаландырамыз да кейін оларға Бізден бір қинаушы азап тиеді», делінді

Choose other languages: