Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #109 Translated in Kazakh

يَوْمَ يَأْتِ لَا تَكَلَّمُ نَفْسٌ إِلَّا بِإِذْنِهِ ۚ فَمِنْهُمْ شَقِيٌّ وَسَعِيدٌ
Ол қайта тірілетін күн келген күні, ешбір жан Оның рұқсатынсыз сөйлемейді. Олардың ішінде бақытсызы да, бақыттысы да болады
فَأَمَّا الَّذِينَ شَقُوا فَفِي النَّارِ لَهُمْ فِيهَا زَفِيرٌ وَشَهِيقٌ
Сонда бақытсыз болғандар Отта болады. Оларға ол жерде ыңырану мен өкіру бар
خَالِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ إِلَّا مَا شَاءَ رَبُّكَ ۚ إِنَّ رَبَّكَ فَعَّالٌ لِمَا يُرِيدُ
Олар аспандар мен жер тұрғанынша, онда тозақта мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Ақиқатында, Раббың Өзінің қалағанын Орындаушы
وَأَمَّا الَّذِينَ سُعِدُوا فَفِي الْجَنَّةِ خَالِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ إِلَّا مَا شَاءَ رَبُّكَ ۖ عَطَاءً غَيْرَ مَجْذُوذٍ
Ал, бақытты етілгендер Жәннатта. Олар аспандар мен жер тұрғанынша, он­да мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Бұл бір толассыз сый
فَلَا تَكُ فِي مِرْيَةٍ مِمَّا يَعْبُدُ هَٰؤُلَاءِ ۚ مَا يَعْبُدُونَ إِلَّا كَمَا يَعْبُدُ آبَاؤُهُمْ مِنْ قَبْلُ ۚ وَإِنَّا لَمُوَفُّوهُمْ نَصِيبَهُمْ غَيْرَ مَنْقُوصٍ
Ей, Мұхаммед! Олардың табынғандарына қатысты күмәнда болма. Олар ата-бабалары бұрын табынғандары секілді табынады. Біз олардың үлестерін кемітпей, толық қайтарамыз

Choose other languages: