Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #110 Translated in Kazakh

فَأَمَّا الَّذِينَ شَقُوا فَفِي النَّارِ لَهُمْ فِيهَا زَفِيرٌ وَشَهِيقٌ
Сонда бақытсыз болғандар Отта болады. Оларға ол жерде ыңырану мен өкіру бар
خَالِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ إِلَّا مَا شَاءَ رَبُّكَ ۚ إِنَّ رَبَّكَ فَعَّالٌ لِمَا يُرِيدُ
Олар аспандар мен жер тұрғанынша, онда тозақта мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Ақиқатында, Раббың Өзінің қалағанын Орындаушы
وَأَمَّا الَّذِينَ سُعِدُوا فَفِي الْجَنَّةِ خَالِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ إِلَّا مَا شَاءَ رَبُّكَ ۖ عَطَاءً غَيْرَ مَجْذُوذٍ
Ал, бақытты етілгендер Жәннатта. Олар аспандар мен жер тұрғанынша, он­да мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Бұл бір толассыз сый
فَلَا تَكُ فِي مِرْيَةٍ مِمَّا يَعْبُدُ هَٰؤُلَاءِ ۚ مَا يَعْبُدُونَ إِلَّا كَمَا يَعْبُدُ آبَاؤُهُمْ مِنْ قَبْلُ ۚ وَإِنَّا لَمُوَفُّوهُمْ نَصِيبَهُمْ غَيْرَ مَنْقُوصٍ
Ей, Мұхаммед! Олардың табынғандарына қатысты күмәнда болма. Олар ата-бабалары бұрын табынғандары секілді табынады. Біз олардың үлестерін кемітпей, толық қайтарамыз
وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ فَاخْتُلِفَ فِيهِ ۚ وَلَوْلَا كَلِمَةٌ سَبَقَتْ مِنْ رَبِّكَ لَقُضِيَ بَيْنَهُمْ ۚ وَإِنَّهُمْ لَفِي شَكٍّ مِنْهُ مُرِيبٍ
Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітап бердік, ал ол туралы қауымы арасында келіспеушілік туды. Егер де Раббыңнан алдын ала бекітілген бір сөз болмағанда, олардың араларына шешім шығарылған болар еді. Негізінде, бұлар бұған Құранға қатысты күмән күдік ішінде

Choose other languages: