Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #20 Translated in Kazakh

يَوْمَ هُمْ بَارِزُونَ ۖ لَا يَخْفَىٰ عَلَى اللَّهِ مِنْهُمْ شَيْءٌ ۚ لِمَنِ الْمُلْكُ الْيَوْمَ ۖ لِلَّهِ الْوَاحِدِ الْقَهَّارِ
Олар қабірден шығарылатын сол қайта тірілу күні, Аллаһтан еш нәрсе жасырын қалмайды. Аллаһ : «Бүгін билік кімдікі?» — деп сұрайды. Кейін Өзі жауап береді : « Жалғыз әрі бәрін Бағындырушы Аллаһтікі» деп
الْيَوْمَ تُجْزَىٰ كُلُّ نَفْسٍ بِمَا كَسَبَتْ ۚ لَا ظُلْمَ الْيَوْمَ ۚ إِنَّ اللَّهَ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Бүгін әрбір жан істеп тапқанының қайтарымын алады. Бүгін әділетсіздік болмайды. Ақиқатында, Аллаһ есеп алуда жылдам
وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْآزِفَةِ إِذِ الْقُلُوبُ لَدَى الْحَنَاجِرِ كَاظِمِينَ ۚ مَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ حَمِيمٍ وَلَا شَفِيعٍ يُطَاعُ
Ей, Мұхаммед! Оларға жүректер жұтқыншаққа тығылып, өздері қайғыға батып тұратын жақын Күнді Қайта тірілу күнін ескерт. Әділетсіздерге жанашыр дос та, тыңдалатын айтқаны қабыл болатын ара түсушісі де болмайды
يَعْلَمُ خَائِنَةَ الْأَعْيُنِ وَمَا تُخْفِي الصُّدُورُ
Ол көздердің қиянатын және кеуделердің нені жасыратынын біледі
وَاللَّهُ يَقْضِي بِالْحَقِّ ۖ وَالَّذِينَ يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ لَا يَقْضُونَ بِشَيْءٍ ۗ إِنَّ اللَّهَ هُوَ السَّمِيعُ الْبَصِيرُ
Аллаһ әділдікпен үкім етеді. Ал олардың серік қатушылардың Одан өзге жалбарынатындары ешнәрсе шеше алмайды. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші

Choose other languages: