Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #19 Translated in Kazakh

رَفِيعُ الدَّرَجَاتِ ذُو الْعَرْشِ يُلْقِي الرُّوحَ مِنْ أَمْرِهِ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ لِيُنْذِرَ يَوْمَ التَّلَاقِ
Дәреже-мәртебелері өте жоғары, Аршының иесі Ол Өз әмірімен құлдарының ішінен қалағанына пайғамбарларға кездесу Күнін Қайта тірілу күнін ескертіп, сақтандыру үшін рух уахи түсіреді
يَوْمَ هُمْ بَارِزُونَ ۖ لَا يَخْفَىٰ عَلَى اللَّهِ مِنْهُمْ شَيْءٌ ۚ لِمَنِ الْمُلْكُ الْيَوْمَ ۖ لِلَّهِ الْوَاحِدِ الْقَهَّارِ
Олар қабірден шығарылатын сол қайта тірілу күні, Аллаһтан еш нәрсе жасырын қалмайды. Аллаһ : «Бүгін билік кімдікі?» — деп сұрайды. Кейін Өзі жауап береді : « Жалғыз әрі бәрін Бағындырушы Аллаһтікі» деп
الْيَوْمَ تُجْزَىٰ كُلُّ نَفْسٍ بِمَا كَسَبَتْ ۚ لَا ظُلْمَ الْيَوْمَ ۚ إِنَّ اللَّهَ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Бүгін әрбір жан істеп тапқанының қайтарымын алады. Бүгін әділетсіздік болмайды. Ақиқатында, Аллаһ есеп алуда жылдам
وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْآزِفَةِ إِذِ الْقُلُوبُ لَدَى الْحَنَاجِرِ كَاظِمِينَ ۚ مَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ حَمِيمٍ وَلَا شَفِيعٍ يُطَاعُ
Ей, Мұхаммед! Оларға жүректер жұтқыншаққа тығылып, өздері қайғыға батып тұратын жақын Күнді Қайта тірілу күнін ескерт. Әділетсіздерге жанашыр дос та, тыңдалатын айтқаны қабыл болатын ара түсушісі де болмайды
يَعْلَمُ خَائِنَةَ الْأَعْيُنِ وَمَا تُخْفِي الصُّدُورُ
Ол көздердің қиянатын және кеуделердің нені жасыратынын біледі

Choose other languages: