Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #18 Translated in Kazakh

إِذْ جَاءَتْهُمُ الرُّسُلُ مِنْ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ وَمِنْ خَلْفِهِمْ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا اللَّهَ ۖ قَالُوا لَوْ شَاءَ رَبُّنَا لَأَنْزَلَ مَلَائِكَةً فَإِنَّا بِمَا أُرْسِلْتُمْ بِهِ كَافِرُونَ
Оларға елшілері алдынан да, артынан да жан-жағынан келіп: «Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер»,- деген кезде, олар: «Егер де Раббымыз қалағанда, періштелерді түсіретін еді. Біз сендермен жіберілгенге сенбейміз», деді
فَأَمَّا عَادٌ فَاسْتَكْبَرُوا فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَقَالُوا مَنْ أَشَدُّ مِنَّا قُوَّةً ۖ أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ الَّذِي خَلَقَهُمْ هُوَ أَشَدُّ مِنْهُمْ قُوَّةً ۖ وَكَانُوا بِآيَاتِنَا يَجْحَدُونَ
Ад елі құқылары болмаса да жер бетінде менменсіп, өздерін жоғары санады және: «Бізден күшті кім бар?» деді. Олар өздерін жаратқан Аллаһтың олардан күшті екенін көрмеді ме? Әрі олар Біздің аят-белгілерімізді теріске шығарды
فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحًا صَرْصَرًا فِي أَيَّامٍ نَحِسَاتٍ لِنُذِيقَهُمْ عَذَابَ الْخِزْيِ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَخْزَىٰ ۖ وَهُمْ لَا يُنْصَرُونَ
Сонда осы өмірде қорлаушы азапты таттыру үшін Біз оларға қиын күндері, қатты ұйытқып соққан желді жібердік. Ал, соңғы, мәңгілік өмірдің ақиреттің азабы одан бетер қор етуші әрі оларға көмек көрсетілмейді
وَأَمَّا ثَمُودُ فَهَدَيْنَاهُمْ فَاسْتَحَبُّوا الْعَمَىٰ عَلَى الْهُدَىٰ فَأَخَذَتْهُمْ صَاعِقَةُ الْعَذَابِ الْهُونِ بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Ал, сәмудтықтарға келсек, Біз оларға тура жолды көрсеттік, бірақ олар тура жолдың орнына соқырлықты артық көрді. Сонда оларға істеп тапқандары күнәлары себебінен қорлаушы азаптың саъиқасы тиді
وَنَجَّيْنَا الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ
Ал, иманға келген және тақуалық еткендерді Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды құтқардық

Choose other languages: