Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #21 Translated in Kazakh

وَأَمَّا ثَمُودُ فَهَدَيْنَاهُمْ فَاسْتَحَبُّوا الْعَمَىٰ عَلَى الْهُدَىٰ فَأَخَذَتْهُمْ صَاعِقَةُ الْعَذَابِ الْهُونِ بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Ал, сәмудтықтарға келсек, Біз оларға тура жолды көрсеттік, бірақ олар тура жолдың орнына соқырлықты артық көрді. Сонда оларға істеп тапқандары күнәлары себебінен қорлаушы азаптың саъиқасы тиді
وَنَجَّيْنَا الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ
Ал, иманға келген және тақуалық еткендерді Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды құтқардық
وَيَوْمَ يُحْشَرُ أَعْدَاءُ اللَّهِ إِلَى النَّارِ فَهُمْ يُوزَعُونَ
Ол күні Аллаһтың жаулары Оттың алдына жиналдырылып, тосылады
حَتَّىٰ إِذَا مَا جَاءُوهَا شَهِدَ عَلَيْهِمْ سَمْعُهُمْ وَأَبْصَارُهُمْ وَجُلُودُهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Ал, қашан олар оған тозаққа келген кезде есту, көру мүшелері және терілері істеген іс-әрекеттері жайлы олардың өздеріне қарсы куәлік береді
وَقَالُوا لِجُلُودِهِمْ لِمَ شَهِدْتُمْ عَلَيْنَا ۖ قَالُوا أَنْطَقَنَا اللَّهُ الَّذِي أَنْطَقَ كُلَّ شَيْءٍ وَهُوَ خَلَقَكُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Сонда олар өздерінің терілеріне: «Не үшін бізге қарсы куәлік бердіңдер?» дейді. Терілері : «Әрбір нәрсені сөйлеткен Аллаһ бізді де сөйлетті», дейді. Ол сендерді алғашқы ретте әуел баста жаратты әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

Choose other languages: