Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #22 Translated in Kazakh

وَنَجَّيْنَا الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ
Ал, иманға келген және тақуалық еткендерді Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды құтқардық
وَيَوْمَ يُحْشَرُ أَعْدَاءُ اللَّهِ إِلَى النَّارِ فَهُمْ يُوزَعُونَ
Ол күні Аллаһтың жаулары Оттың алдына жиналдырылып, тосылады
حَتَّىٰ إِذَا مَا جَاءُوهَا شَهِدَ عَلَيْهِمْ سَمْعُهُمْ وَأَبْصَارُهُمْ وَجُلُودُهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Ал, қашан олар оған тозаққа келген кезде есту, көру мүшелері және терілері істеген іс-әрекеттері жайлы олардың өздеріне қарсы куәлік береді
وَقَالُوا لِجُلُودِهِمْ لِمَ شَهِدْتُمْ عَلَيْنَا ۖ قَالُوا أَنْطَقَنَا اللَّهُ الَّذِي أَنْطَقَ كُلَّ شَيْءٍ وَهُوَ خَلَقَكُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Сонда олар өздерінің терілеріне: «Не үшін бізге қарсы куәлік бердіңдер?» дейді. Терілері : «Әрбір нәрсені сөйлеткен Аллаһ бізді де сөйлетті», дейді. Ол сендерді алғашқы ретте әуел баста жаратты әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَتِرُونَ أَنْ يَشْهَدَ عَلَيْكُمْ سَمْعُكُمْ وَلَا أَبْصَارُكُمْ وَلَا جُلُودُكُمْ وَلَٰكِنْ ظَنَنْتُمْ أَنَّ اللَّهَ لَا يَعْلَمُ كَثِيرًا مِمَّا تَعْمَلُونَ
Сендер естулеріңнің, көрулеріңнің құлақ, көздеріңнің және терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлік беруінен жасырынбайтын едіңдер. Сендер өздерің істеген істердің көбін Аллаһ білмейді деп ойладыңдар

Choose other languages: